Е. Нысанбаев: ҚР мен ҚХР 2016 жылы Іле мен Ертіс өзендерін қорғау туралы келісімге қол қояды
«www.strategy2050.kz» Қазақстан мен Қытай 2016 жылы Іле мен Ертіс өзендерін қорғау және бірлесіп су қолдану туралы келісімге қол қояды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. «2011 жылдан бастап, қытайлықтармен бірігіп жұмыс жасаудамыз. Іле мен Ертіс өзенінің трансшекаралық бағалау жобасын ағымдағы жылы аяқтадық. 2015-2016 жылдары біз аталмыш өзендерді қорғау және суды қолдану бойынша келісімге қол қоямыз» – деді Е. Нысанбаев. Вице-министрдің айтуынша, Қытаймен трансшкеаралық өзендер бойынша ынтымақтастық қарым қатынас күшейе түскен. «Бұл екі ел арасында трансшекаралық өзендерді қолдау мен қорғау бойынша жақсы көрсеткіш»,-деді ол. Оған қоса, Е. Нысанбаев Қазақстанның 40% суы трансшекаралық…


