Қазақстанда электронды қалдықтарды басқару жобасы іске қосылды
«ҚазАқпарат» Қазақстанда электронды қалдықтарды басқару жобасы іске қосылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.«Бүгін министрліктің қолдауымен ел Үкіметі БҰҰ Даму бағдарламасы мен «Samsung Electronics» компаниясының электронды қалдықтарды басқару жөніндегі бірлескен жобасын бастайды. Жобаның мақсаты – электронды қалдықтарды басқару механизмдерін құру. Атап айтсақ, ұялы телефондарды қауіпсіз тәсілдермен кәдеге жарату мәселелерін шешу», – деді министр. Оның атап өтуінше, қалдықтарды екінші айналымға түсіру мен кәдеге жарату бүкіл әлем үшін маңызды мәселеге айналып отыр. Мәселен, 2000-2010 жылдар аралығында Қазақстанға үш миллионға жуық дербес компьютер жеткізілге…

