Қазақ егемендік алғалғы- ширек ғасырға жуық уақытта бір принцпті берік ұстанып келемін. Ол- шамам жеткенше қазақ халқын құрыштай біріктіруге, тұтастыруға ат салысу, әр қазақты- жалғызым деп білу, «қазақпын» дегенге бауырым деп қарау. Өз блогімде өткен жылдары «Қазақпын десе- қандасың», «abai.kz» порталында «Қаракерей ме, қарақытай ма?» атты тақырыпты мақалаларымда ойымды айттым. «Ұлтшылдық» деген ұғымды қазіргі кезде өшің кеткеннен кегіңді алуға немесе біреуге қарадай тиісуге айналдырып бара жатқаны жанға батады. Тіпті, ешқандай арсыздықтан да тартынбайтындар пайда болды. Соның бірі интернеттен көзіме түскен «Старая правда о новом премьере» деген Кәрім Мәсімов туралы мақала. Принцпінде, басшыларды сынау, кемшілігін бадырайтып бетіне басып отыру өте дұрыс шаруа. Қазақ әлімсақтан- ақ «Сын т…