Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогінде 5 медаль олжалады

Қазақстан дзюдошылары Польшаның Бьелско-Бьяла қаласында кадеттер арасында дзюдодан Еуропа кубогі жолындағы жарыстың алғашқы күнінде 5 медаль олжалады, деп хабарлайды Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы.

«Қазақстан жарыстың алғашқы күнінде 5 медаль жеңіп алды. Алтын медаль Ақмарал Науатбек (40 келі) пен Мадияр Сембаевтың (66 келі) еншісінде. Қола медаль иегерлері — Мағжан Шамшадин (55 келі), Гүлдана Мұрат (44 келі) пен Анар Асылханова (52 келі)», — делінген хабарламада.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
250

Осы тақырып бойынша

Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогінде 5 медаль олжалады - Yvision.kz