«Каспий кубогында» соңынан санағанда екіншіміз
Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Бакуде «Каспий кубогы» додасына қатысып, 12 команданың ішінде 11-орынмен шектелді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әзірбайжан астанасындағы теңбіл доп додасына 11 елден жасөспірімдер арасындағы 12 құрама қатысты. Атап айтқанда, Әзірбайжан осы доданың қожайыны ретінде 16 және 17 жасқа дейінгі қос құрамасын үкілеп қосса, Қазақстан, Түркия, Иран, Болгария, Жапония, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Қырғызстан және Ауғанстан U-17 құрамаларын сынақтан өткізіп алғанды жөн санапты. Осы 12 команда төртке бөлініп, әуелі топтық кезеңде додаға түсті. Константин Фролов жаттықтыратын Қазақстан U-17 құрамасы Түркия және Өзбекстан бозбалаларымен бір топқа түскен болатын. Бірінші Түркия жастарымен кездесіп, 1:3 есебімен ұтылып қалды. Жалғыз голды қо…
