Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дүниежүзілік қоршаған орта күні және экологтар күніне орайластырылған іс-шаралар жөнінде

2014 жылғы 5 маусым күні ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Дүниежүзілік қоршаған орта күні және эколог күніне орайластырылған салтанатты жиналыс өткізді. Жиналысқа министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомствоға бағынысты және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Н. Қаппаров әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, министрлік пен аумақтаық органдардың бірқатар қызметкерін «Экология саласының үздігі» төсбелгісінмен, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапаттады.

Жиналыс барысында ҚР ҚОСРМ экологиялық бақылау және реттеу комитетінің ұйымдастыруымен республикалық деңгейде өткізілген балалардың сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Н. Қаппаров Астана қ. №37 орта мектебінің оқушысы Мария Карбушеваны, Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда аудандық орта мектептің оқушысы Ғасыр Насекеновты, Павлодар облысындағы Мичурин балалар үйінің тәрбиеленушісі Алина Пилягинаны құрмет грамотасымен және бағалы сыйлықпен марапаттады. Сонымен қатар министр облыстық деңгейдегі байқау жеңімпаздарын – еліміздің барлық өңірлерінен келген балаларды марапаттады.

Сондай-ақ, бүгін Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров, ҚР мұнай және газ вице-министрі Болат Ақшолақов және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаев ҚР қоршаған орта және су ресурстары, ҚР мұнай және газ министрліктері мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі меморандумға қол қойды.

Аталған құжат «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) өзінің 1 288 355 м3 көлеміндегі өндірістік қалдықтарын кәдеге жарату мен өңдеуді, сондай-ақ, мұнай өндірісі өнімдерімен ластанған 252 850 м3 жерді қалпына келтіру шараларын жүргізу арқылы компания қызметінің қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін азайтуды көздейді. Жоспарланған іс-шаралар 7-жылдық мерзімде іске асырылмақ. Бұл мақсаттарға 15 миллиард теңге көлеміндегі қаржы бөлінеді.

Бүгін Беларусь, Қазақстан және Ресей елдері аумақтарында Дүниежүзілік қоршаған орта күніне орай халықаралық экологиялық сенбілік өткізілді.

Қазақстанның барлық аймақтарында өтетін акция барысында қалалар мен қала маңы аумақтары, демалыс мекендері, саябақтар мен су айдындарының жағалаулары тұрмыстық күл-қоқыстардан тазартылады.

Қазақстан өңірлерінде сенбілікке 130 мыңға жуық адам қатысты. Олардың қатарында орталық және жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындардың өкілдері, сондай-ақ, ЖОО студенттері еңбек етті.

Астанада экологиялық акцияға 600-ден астам адам қатысты. Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің, «Астана орманы» және «Полигон» ЖШС, сондай-ақ, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері мен студенттер қалалық қалдықтар полигонына іргелес орман аумағын қоқыстан тазартуға атсалысты.

5 маусым күні ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров республикалық экологиялық үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар өкілдерімен кездесу өткізді. Басқосуға ҚР Парламент Мәжілісінің депутататтары, астаналық жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысады. Кездесу барысында министрлік пен қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара әрекеттесу перспективалары талқыланды.

Кездесу аясында «Қазгидромет» РМК ұйымдастырған «Су – өмір нәрі» фотобайқауының салтанатты ашылуы өтті.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/06/104-34/

 
0
0
607

Осы тақырып бойынша