Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ӘЧ-2014: Мундиальдiң алғашқы матчында Неймар Бразилия құрамасына жеңiс әкелді

Футболдан Әлем чемпионатының алғашқы матчында Бразилия құрама командасы Хорватияны 3:1 есебiмен тiзе бүктiрдi.

Алғашқы голды 11-минутта Бразилия құрамасының ойыншысы Марселло өз қақпасына дарытып алған болатын. Бұл олқылықтан кейiн алаң қожайындары хорватиялықтардың қақпасына лап қойды. Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар 27-минутта Плетикоса қорғаған қақпаға доп дарытты. Бiрiншi таймда ойыншылар 1:1 есебiмен демалуға аттанды.

Екiншi кезеңде ойынның 71-минутында Неймар пенальтиден гол салып, алаң иелерiн алға шығарды. Ал ойынның аяқталуына сәл қалғанда бразилиялық ұжымның тағы бiр ойыншысы Оскар хорватиялықтардың қақпасына үшiншi голды тоғытып кеттi, қорытынды есеп — 3:1.

Айта кетейiк, матч Сан-Паулу қаласында «Арена Коринтианс» стадионында өттi. Ертең чемпионаттың үш матчы болады. Камерун Мексикамен, Испания Нидерландымен, Чили Аустралиямен кездеседi.

 

САН-ПАУЛУ-АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
170

Осы тақырып бойынша

ӘЧ-2014: Мундиальдiң алғашқы матчында Неймар Бразилия құрамасына жеңiс әкелді - Yvision.kz