Мен қазақпын, Қытайдан оралып келген ағайындарыма...
Мен қазақпын деп айтсам өтірік айтпаймын. Монғолдардың, кейін жоңғарлардың шапқыншылығына төтеп берген, ХХ гасырдын басында орын алған ашаршылық пен репрессияны басынан кешкен нағыз патриоттардың ұрпағы мына менмін. Мына менің атам ІІ Ұлы отан соғысында барлаушы болған, мына менің әжем соғыстан кейін мемлекетті көтеруге үлесін қосып таңнан кешке дейін қант қызылшасын түптеп өмірін өткізген, мына менің әпкем 1986 жылдың желтоксанында аланға шыққан, мына менің әкем мен анам совет өкіметінің ыдырауын басынан кешіріп барынан айырылып, бір ақ түнде кедей болды. Мына мен және менің жанұям мемлекетіміз егемендік алғаннан кейінгі ауыр жылдарды майшам жағып бастан өткізгенбіз. Нағыз қазақ мына менмін. Қытайдан оралып келген отандастарыма айтар сөзім бұл. Сіздер оралдық деп мемлекеттен жер телімін…