Головкиннен Стивенс сияқты жеңілмеймін — Дэниел Джейкобс
Жуырда WBA версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын жеңіп алған америкалық боксшы Дэниел Джейкобс «егер мен Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығатын болсам, кездесуді Кертис Стивенс сияқты аяқтамаймын» деп мәлімдеді, бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. Еске сала кетейік, Геннадий Головкин Кертис Стивенстітехникалық нокаутпен жеңген болатын.
«Біз Кертис екеуіміз — екі түрлі стильдегі боксшылармыз. Ол — Тайсон сияқты айбатты слаггер, мен түрлі режимге ауысып отырып, қарсыласты шатастыра білетін боксер-панчермін. Сондықтан егер мен Геннадиймен кездесетін болсам, оның Стивенспен кездесуінің қалай аяқталғанына мән бермес едім, бұл жерде бәрі басқаша болады», — деп мәлімдеді Джейкобс.
Америкалық боксшы әлемнің орта салмақтағы кез келген боксшысымен жұдырықтасуға дайын екенін айтты. Бұл туралы мына жерден толығырақ оқыңыздар. Еске салайық, Головкин Стивенспен өткен жылдың қараша айында жекпе-жекке шыққан еді. Нью-Йорктегі Madison Square Garden шаршы алаңында өткен кездесу техникалық нокаутпен аяқталды. Сегізінші раундтан соң Стивенс көп соққы алып, қарсыласының шабуылына төтеп беруді қойғаннан кейін рефери жекпе-жекті аяқтауға шешім қабылдады.

