Я.Шведова тағы да Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингісінде Зарина Диястан озып, Қазақстанның бірінші ракеткасы атағын қайтарып алды, деп хабарлады vesti.kz.
Жаңартылған WTA рейтингісінде Шведова 3 сатыға көтеріліп, 51 орынға табан тіреді.
Еске сала кетсек, өткен аптада Зарина қазақстандық спортшылар арасында рейтингіде алғашқы орыннан көрінген болатын.
Сонымен қатар, соңғы ақпарат бойынша, рейтингіде Юлия Путинцева нәтижесі 32 позицияға жақсарып, 164 орыннан 132-орынға көтерілді. Ал Галина Воскобоева және Сесиль Каратанчева бір сатыға төмендеп, 120 және 174-ші орынға жайғасты.
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат

