УЕФА жылдың үздік футболшысын атады
Мадридтік «Реал» құрамасының шабуылшысы португалдық Криштиану Роналду Еуропа футбол қауымдастығы (УЕФА) одағының нұсқасы бойынша Еуропаның 2013-2014 жылғы маусымдағы ең үздік футболшысы атанды. Бұл туралы Монте-Карлодағы Чемпиондар лигасының жеребе тастауынан кейін белгілі болды. «Биылғы жыл мен үшін аса тамаша болды. Мен өз командамды, бапкерім мен жанкүйерлерімді мақтан тұтамын. Аса қуаныштымын. Командаластарыма алғыс айтамын, себебі оларсыз бұл жүлдені иеленбес те едім», — дейді Роналду. 29 жастағы ойыншы «Реал» құрамасында Чемпиондар лигасы мен УЕФА Суперкубогын, Испания кубогын ұтқанымен, чемпионатта жеңіліске ұшырады. Сондай-ақ Роналду бастаған португалдық команда биылғы Бразилиядағы әлем чемпионатында да топ жарып шыға алмаған еді. «Еуропадағы маусымның ең үздік ойыншысы» жүлдесі У…



