Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Барыс» командасының Астанадағы ойындарына билеттер сатыла бастады

Ертең «Барыс» хоккей клубы өзінің ҚХЛ-дың 2014/2015 маусымындағы алғашқы ойындарына билеттер сата бастайды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

«29 тамыздан бастап «Барыс» командасы ҚХЛ-дың 7-маусымындағы өз алаңында өтетін алғашқы ойындарына билеттерді сатылымға шығарады», — делінген хабарламада.

Елордалық командаға мына клубтар қарсылас атанбақ:

4 қыркүйек — «Салават Юлаев»

6 қыркүйек — «Амур»

8 қыркүйек — «Адмирал»

10 қыркүйек — «Витязь»

Билеттердің құны 1000 және 1500 теңге аралығында. Сонымен қатар интернет арқылы билеттерді сатып алуға болады.

   
Басты сөздер: АстанаСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
260

Осы тақырып бойынша

«Барыс» командасының Астанадағы ойындарына билеттер сатыла бастады - Yvision.kz