ҰЛТТЫҢ ТІЛІ ЖҰТАСА, МІНЕЗІ ӨЗГЕРЕДІ (жалғасы)

Сөйлеу мәдениетінің жоғалуы өзімен бірге көптеген әлеуметтік дерттерді ала келеді. Ең алдымен тілдің қолданысының кемуі ұлттық рухани құндылықтар қолданысының кемуіне алып келеді. Рухани құндылықтар кем қолданылған сайын әлсірейді, жұтайды, ақырында ұмыт болады. Ешбір ұлт өкілін өз ұлтының рухани құндылықтарынан тыс жат құндылықтар толыққанды тұлға ретінде қалыптастыра алмайды. Қазір қазақ тілінің байырғы қазақ қоғамындағыдай кең өрісте, бүкіл қарым-қабілетімен, көркемдігімен, шешендігімен қолданыла алмауы салдарынан көптеген мақал-мәтелдер, көркем теңеулер, шешендік оралымдар, ұйқасты, мәнерлі сөздер қолданыстан шығып барады.
Жақында біздің орта жастағы филолог ағамыз менің өлеңдерімде қолданылған «тін», «назалы», «ойжады», «естанды», «арсауға» деген сөздердің мәнін сұрады. Тілдің тіршілігі – қолданылуында ғана, жаңағы кейіпкеріміз өзі тілтанушы бола тұра күнделікті қолданысында болмаған сөздердің мағынасын түсінбей отыр. Бір өзге мамандық иесі менің өлеңдерімді оқып болып: «Өлеңдеріңіз қазақша жазылған ба?» деп сұрағаны бар... (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
