Жағажай футболынан Әлем біріншілігінің іріктеу ойындарында Қазақстан Ресейге қарсы ойнайды
Грузия құрама командасының бас тартуына байланысты жағажай футболынан Әлем біріншілігінің іріктеу ойындарында Ресейге қарсы Қазақстан құрамасы ойнайды, деп хабарлайды sports.kz.
Грузия құрама командасы Италияның Езоло қаласында өтетін Әлем біріншілігінің квалификациялық турниріне белгілі себептермен қатысудан бас тартып отыр.
Турнир 5-14 қыркүйек аралығында өтеді. Квалификациялық турнирдің алғашқы матчында қазақстандықтар Әлем чемпионы ресейліктермен кездеседі.
Ал жағажай футболы бойынша Әлем чемпионаты 2015 жылы Португалияда өтетінін естеріңізге саламыз.
Автор: Жаппарберген Айбота
Басты сөздер: Спорт
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат

