Мазмұнға өту

Жаңа

Орынбасардың шүлдірлеген тілін Облыс әкімі тиып тастады...

Жуырда Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы облыстық кеңесінің отырысы өтті. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, ассамблея мүшелері қатысқан алқалы жиында шенеуніктердің атқарған жұмыстары жөнінде есептері тыңдалды.
Орал қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Марс Сатыбалдиев өз есебін мем­лекеттік тілде айтуға тырысып баққан еді, бірақ оның қазақ тілін білу деңгейіне көңілі толмаған Нұрлан Ноғаев шенеуніктің мектепті қай тілде оқып бітіргенін сұрады. Марс Сатыбалдиев орыс мектебін тәмам­дағанын айтты. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
378

Бүгін Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Жоғарғы соттары төрағаларының кезекті IX кеңесі өтті

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Ә.Мәмидің төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Жоғарғы соттары төрағаларының кезекті тоғызыншы кеңесі өтті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/bugin-astanada-shyu-ga-mushe-memleketter-zhogargy-sottary-toragalarynyn-kezekti-ix-kenesi-otti

4
0
367

Қарағанда облысында браконьерлер ұсталды

Ү.ж. 30 тамызында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РҚМК «ПО «Охотзоопром» инспекторларымен Қарағанды облысы Аққұдық мекенінде «Toyota Land Cruiser» автокөлігі тоқтатылды. Көлікте жүргізушіден басқа 3 жолаушы болды.
Автокөлікті тексеру барысында 2 ақбауыр буылдырық, № ГП372 ойық қарабині, оқ-дәрі (44 дана), 12 калибрлі ИЖ-27 маркілі мылтық, оқ-дәрі (25 дана) және картечь табылып тәркіленді.
Осы дерек бойынша құжаттар Ұлытау АІІБ-ге жолданды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55 57 65
E: [email protected]
W: www.minagri.gov.kz

   

http://mgov.kz/kz/v-karagandinskoj-oblasti-zaderzhany-brakon-ery/

0
0
414

«Балықты көл» аң аулау шаруашылығында ҚР АШМ көшпелі брифингісі өтеді

Суда жүзетін құстарға, тұяқты жануарларға және жыртқыш аңдарға ү.ж. 6 қыркүйегінен бастап, күзгі аң аулау маусымының ашылуына байланысты ҚР АШМ «Балықты көл» аң аулау шаруашылығында көшпелі брифингісін өткізеді.
Журналистердің жиналуы ү.ж. 6 қыркүйек күні сағ. 9.00-де ҚР АШМ ғимаратының маңында (Астана қ. Кенесары көш., 36).
Аккредитациядан ү.ж. 5 кыркүйек күні сағ 13:00-ге дейін e-mail: [email protected] арқылы өту қажет.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55 57 65
E: [email protected]
W: www.minagri.gov.kz

   

http://mgov.kz/kz/v-ohotnich-em-hozyajstve-baly-ty-k-l-projdet-vy-ezdnoj-brifing-msh-rk/

0
0
375

В охотничьем хозяйстве «Балықты көл» пройдет выездной брифинг МСХ РК

В связи с открытием 6 сентября 2014 года осеннего сезона охоты на  водоплавающую дичь, копытных животных и хищников МСХ РК организует выездной брифинг в охотничьем хозяйстве «Балықты көл».

Сбор журналистов состоится в 9:00 ч. 6 сентября т. г. в городе Астана у здания МСХ РК (адрес: г. Астана, ул. Кенесары, 36).

Аккредитоваться необходимо на  e-mail: [email protected] до 13:00 ч. 5 сентября 2014 года.

 

ПРЕСС-СЛУЖБА МСХ РК

+7 (7172) 55 57 65

E: minagripress@gmail.com

W: www.minagri.gov.kz

   

http://mgov.kz/v-ohotnich-em-hozyajstve-baly-ty-k-l-projdet-vy-ezdnoj-brifing-msh-rk/

0
0
288

Самат Смақов Ұлттық құрамаға қайта шақырту алды

Самат Смақов Ұлттық құрамаға қайта шақырту алды, деп жазады kazsporttv.kz.

Ол Қырғыз республикасына және Латвияға қарсы өтетін мачта алаңға шығады.

Қазақ футболының тәжірибелі ойыншысы, «Қайрат» клубының орталық қорғаушысы және капитаны Самат Смақов Қазақстан Ұлттық құрамасына қайта шақырту алды.

Самат Смақов енді Ұлттық құрама футболшыларымен бірге Қырғыз Республикасы мен Латвияға қарсы өтетін матчқа дайындық жүргізеді.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
373

Теннисші Зарина Диас бір жылда жарты миллион доллардан астам табысқа қол жеткізді

20 жастағы қазақстандық теннисші Зарина Диас турнирлерде қол жеткізген жетістіктерінің арқасында бір жылда 500 мың доллардан астам олжаға кенелді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жас спортшы аз уақытта 700 мың доллар пайда тауып үлгерді. Оның 500 мың доллары осы жылға тиесілі.

2013 жылдың соңында Диас WTA рейтингісінде 163-ші орында болған. Қазір ол 48-ші сатыға жайғасты. Нәзік жанды спортшы US Open аяқталған соң ТОП-40 қатарына енуі тиіс. Сондай-ақ ол Ярослава Шведовадан озып, Қазақстанның бірінші ракеткасы атанған.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
299

«Астана» велокомандасының капитаны «Вуэльтаның» 11-ші кезеңінде жеңіске жетті

«Астана» капитаны итальяндық Фабио Ару «Испания Вуэльтасы-2014» 11-ші кезеңінде жеңімпаз болды, деп хабарлады astanafans.com.

«Астана» капитаны Фабио Ару «Сантуарио Сан Мигель де Аралар» жоғары санаттағы таудағы мәреде 11-кезең жеңімпазы атанды. Мәреде жоғары санатты Аруна тауында екінші және үшінші орындарда мәреге жеткен екі испандық «Movistar» командасынан  Алехандро Вальверде мен «Team Katusha» командасынан Хоаким Родригесті  6 секунқа ұтты»,  делінген таратылған ақпаратта.

Бас жіктелімде 11 кезеңнің қорытындысымен Ару 7-ші орынға ие болды. Жалпы есептегі көшбасшы — «Tinkoff-Saxo» командасынан Альберто Контадор.

Басты сөздер: АстанаСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
293

РАЛЛИ: Astana Motorsports командасы «Баха Польши 2014» жарысында үшінші орынды иемденді

Astana Motorsports командасының капитаны Артур Ардавичус «Баха Польши 2014» FIA Әлем Кубогының сегізінші кезеңінің қорытындысы бойынша үшінші орынды еншіледі. Бұл туралы бүгін команданың баспасөз қызметінен хабарлады. Олар Польша жерінде өткен жарыста үш күн ішінде 800 шақырымға жуық жерді басып өткен. Аталмыш халықаралық жарысқа «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубы атынан Astana Motorsports командасының бір жүк көлігінің экипажы қатысты. Артур Ардавичус, оның штурманы Алексей Никижев және механик Даниэль Козловский жарыс жолына 302 нөмірлі Tatra автокөлігімен шықты. Бәсеке жолы аса ұзақ болмағанымен жүргізушілерден сақтықты, тиянақтылықты талап етті. Ой-шұқыры көп, тар әрі ирелең жолдар, қауіпті бұрылыстар мен құмдар, тастар жарысты күрделендіре түсті. Алайда Astana Motorsports ком…

0
0
356

ТЕННИС: Каролинаның қайта оралуы

Теннистен АҚШ-тың ашық чемпионатында даниялық (тегі поляк) Каролина Возняцкидің қарқыны қатты. Спорттық өмірінде «Үлкен дулығаны» ұтпаса да, биыл 25-тің биігіне шығатын Каролина 2010 және 2011 жылдың қорытындысы бойынша үздік өнерімен көрініп, әлемнің бірінші ракеткасы атанған еді. Кейін бірақ ойыны қожырап, жеке өміріндегі өзгерістер де әсер етті ме, әйтеуір рейтингісі түсіп кетті. Биыл Стамбул турнирін ұтқан К.Возняцки АҚШ чемпионатына тастүйін дайындықпен келгендей. Соның дәлеліндей жарыс барысында Ресейдің басты үміті, әлемнің бесінші ракеткасы Мария Шарапованы жолдан тайдырды. Ал бүгін таңда италиялық Сара Эрраниді (6:0, 6:1) бұйым құрлы көрмеді. Енді ол жартылай финалда биылғы чемпионаттың тағы бір басты жаңалығы, қытай қызы Пэн Шуаймен күш сынасады. Оны жеңсе, финал күтіп тұр. 2009…

0
0
228