Солтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментi жанындағы ашылған Қоғамдық кеңес мүшелерiнiң кезектi отырысы болып өттi
Облыстық Iшкi iстер департаментiнде Қоғамдық кеңестiң кезектi отырысы болып өттi. Отырыс барысында қатысушылар алаяқтықтың алдын алуға бағытталған шаралардың жоспарларымен танысып, шешiлмей жүрген мәселелердi қойып, шешiмiн табуға тырысты. 2012 жылдан берi жұмыс iстеп келе жатқан Қоғамдық кеңес мүшелiгiне депутаттар, журналистер мен облыстық қоғамдық ұйым мүшелерi енген. Кеңестiң кезектi отырысы мүлiктiк қылмыстардың алдын алуға бағытталды. Бас қосуда түрлi мәселелер қозғалды. «Облыс аумағында жетi ай iшiнде 388 алаяқтық фактiсi тiркелдi. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төмендеу бар. Алайда бұл қылмыстардың басым бөлiгi, яғни 85 пайызы облыс орталығында орын алды» — деп, хабарлады Солтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң бастығы полиция полковнигi Ақан Қажкенов. Сондай-ақ, жиы…

