Орынбасардың шүлдірлеген тілін Облыс әкімі тиып тастады...
Жуырда Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық кеңесінің отырысы өтті. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, ассамблея мүшелері қатысқан алқалы жиында шенеуніктердің атқарған жұмыстары жөнінде есептері тыңдалды.
Орал қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Марс Сатыбалдиев өз есебін мемлекеттік тілде айтуға тырысып баққан еді, бірақ оның қазақ тілін білу деңгейіне көңілі толмаған Нұрлан Ноғаев шенеуніктің мектепті қай тілде оқып бітіргенін сұрады. Марс Сатыбалдиев орыс мектебін тәмамдағанын айтты. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
