Мазмұнға өту

Жаңа

Астанада 120 қоян-қолтық жекпе-жек шебері бақ сынайды

Астанада 120 қоян-қолтық жекпе-жек шебері бақ сынайды

Астанадағы «Көктал» спорт кешенінде 2014 жылдың 11-13 қыркүйек аралығында қоян-қолтық жекпе-жегінен III республикалық турнир өтеді. Онда ҚР Ұлттық гвардия бас қолбасшысының кубогы сарапқа салынбақ.

Онда 9 салмақ дәрежесі бойынша 120 спортшы сынға түседі.

13 құрама жарысқа қатысатынын растады. Олар Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, ҚР Ұлттық гвардиясының, сонымен бірге  жекпе-жек түрлері бойынша республикалық спорттық ұйымдардың намысын қорғайды.

Жарыс мақсаты — қоян-қолтық жекпе-жекті дамыту, салауатты өмір салты мен спортты насихаттау, спортшылардың және төрешілердің кәсіби шеберлігін шыңдау.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
328

ZhasCamp’14 есігін айқара ашады!

ZhasCamp жастар [бей] конференциясы 25-26 қазанда Алматыда Сүлейман Демирел ат. университетте өтеді. МҰНДА ТАЛҚЫЛАНАТЫНДАР - қоғамдық бастамалар мен көшбасшылық, бизнес, new media және өнер Бағдарламада Жастар және әлеуметтік саясаты саласындағы трендтер. Жастар мәселелерін шешудегі үздік шетелдік тәжірибелер. Өңірлік көшбасшылардың жобалары мен идеяларының тұсаукесерлері. Әлеуметтік-жауапкершілік бизнес пен табысты стартап мысалдары. Жаңа media-технологияларға шолу және заманауи өнердің түбіне үңілу. Байқаулар, кештер және жаңа танысулар. Пішімі [Бей] конференция 2 күнге, 25-26 қазан, сенбі және жексенбі, сағат 10-нан 17-ге дейін, созылады. Биыл Camp қаласырты пішімінде – Сүлейман Демирел ат. университет кампусында, Алматы маңы, Қаскелең қаласында - өтеді. Қатысушылар мен қонақтар үшін ө…

0
0
540

Х Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі

Алматыда 2014 жылдың 15-20 қыркүйек аралығында Х Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді. Фестивальдың ұйымдастырушысы дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігі мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы, Алматы қаласының әкімшілігі болып отыр. Бұл мерейтойлы кинофестиваль ЮНЕСКО-ның ресми күнтізбесіндегі атаулы мерекелердің біріне енген ұлы қазақ режиссері Шәкен Аймановтың жүз жылдығына арналады. Фестиваль өзінің мерейтойына үлкен жетістіктермен жетті. «Еуразия» әлемдік беделді киноөндіріс – Кинопродюсерлер ассоциациясы Халықаралық федерациясының (FIAPF) аккредитациясынан өткен Орталық Азиядағы жалғыз кинофестивальге айналды. 2012 жылы «International Film Guide» (Ұлыбритания) баспасы «Еуразия» ХКФ-ін әлемдегі 35 көшбасшы кинофестивальдердің тізіміне…

0
0
426

Сот қызметкелері Астана қаласындағы балалар үйіне барды

«Отбасы күні» мерекесіне орай Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотының төрағасы Н.Р. Раззақ, судья И.И. Керн және қызметкелер Астана қаласының мамандандырылған нәресте балалар үйіне барды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/sot-kyzmetkeleri-astana-kalasyndagy-balalar-uyine-bardy

4
0
486

В ЗКО, Акмолинской, Атырауской областях идет прием заявок на второй этап конкурса «Жұлдыздарға қара» — «Посмотри на звезды»

Фонд «Даму» и благотворительный фонд АО «Казкоммерцбанк» «Кус Жолы» предлагает предпринимателям с инвалидностью принять участие в проекте «Жұлдыздарға қара» - «Посмотри на звезды». Прием заявок на второй раунд продлится до 26 октября 2014 года в Центрах обслуживания предпринимателей. Участниками проекта могут быть совершеннолетние граждане Казахстана, которым присвоена группа инвалидности, начинающие или уже занимающиеся частным предпринимательством люди, с датой регистрации свидетельства ИП не ранее 01.01.2012 года, имеющие стремление использовать свои навыки, знания, опыт с целью личной, гражданской и профессиональной реализации. Образец формы заявки, порядок ее заполнения и перечень пакета документов можно найти на следующих ресурсах: www.damu-komek.kz иwww.kuszholy.kz. Подробная инфор…

0
0
190

«Русофобия» Ресей билігінің арандатқыш қаруы ма?

«Бүйректен сирақ шығарып жүретін» Жириновский өткенде Қазақстаннан «русофобиялық» ахуалды байқап, бізге доқ көрсетіп мәлімдеме жасаған еді. Шыны керек, оның бұл сөзі, тіптен негізсіз. Сөзінде пәтуасы жоқ сыңаржақ орыс саясаткерінің бұл айтқанына қолды бір сілтеп, қоя салуға да болар еді. Алайда оның айтып отырғандары бүгінгі геосаясатта қару боп кезеліп жатқанын ескерсек, бұл ретте бізге абай болған жөн. Сондықтан «Алаш айнасы» басылымы еліміздегі орыстілділер құқығын саралап, «русофобия» терминіне сарапшылар пікірімен тереңірек үңілуді жөн санап отыр... (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
749

Парламент үйі – Бұрхандар мүлгіп отыратын бұтхана емес

Менің осы мақаланы жазуыма бірден бір себепкер болған кісі – депутат Камал Бұрханов! «Алдар Көсе деген кiм өзi? Ол – алаяқ, алдамшы бiреу. Оның үйретерi – заң бойынша жазалануға лайық қылмыс – алаяқтық» – деп, ауыз әдебиетінен Алдар Көсені алып тастау туралы тепсініп мәселе көтеретін кәдімгі Камал Низамұлы. Осыдан шамамен үш апта бұрын Астанадағы Орынбор көшесінің бойында, «Тайқазан» дәмханасының алдында осы Камекеңмен кездесіп, амандасқаным; БАҚ-қа көп шығатын белсенді депутат ретінде өзін сырттай жақсы білетінімді айтып, алда қайта қаралғалы жатқан Көші-қон заңы туралы сөйлескенім бар. – Камал аға, Қытайдан келген бір жігітті Сізге таныстырсам. Амал болса, уақытша болса да, штаттан тыс көмекші етіп алсаңыз, біз сол жігіт арқылы Қазақ көшіне байланысты ұсыныстар берсек, ол ұсыныстардың е…

0
0
471

Әлемдік киім брендтерін қазақ жігіті тігеді

Парижде «Астана» дейтін цех бар. Christian Dior, Dolce&Gabbana, Louis Vuitton сынды атақты дизайнерлердің шалбар, жейде, күртелерін өз қандастарымыз тігеді дегенге сенесіз бе?
Құсайын Қадамұлының атақты брендтерді аядай цехта тігуді бастағанына биыл төрт жылдың жүзі болыпты. Түркияда туып, Парижге 80-жылдары қоныс аударған қазақ жігіті француз дизайнерлерінің көңілінен шығу үшін талай тер төккен. Біраз жыл жұмысты біреулерге жалданып істейді. Қазір сол атақты компаниялардың өзі қазақ кәсіпкеріне тәуелді. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
357

Германияда Қазақстанның мәдени орталығы бой көтереді

Германияның Айфель аймағында Қазақстанның мәдени орталығы бой көтереді – деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Мемлекеттік қорықтың 39 гектарына орталық тұрғызуға жариялаған неміс үкіметінің грантын қазақ кәсіпкері Жанна Штрак ұтып алды. Үкілі домбыра, қамшы, қошқармүйіз оюымен безендірілген көрпешелер, тіпті күбі де бар. Жанның үйіне келген меймандар алдымен қазақтың ұлттық бұйымдарымен, музыкалық аспаптарымен танысады екен. Сонан соң, тағамнан дәм татады. Бұған дейін жылқы етін жеп көрмегендердің қазір қазы-қарта ең сүйікті тағамы. «Біз олардан тазалықты, мәдениетті үйренсек, олар бізден қонақжайлылықты, тамақ беруді, үлкенді сыйлауды, келген қонақтың құлы болуды үйреніп жатыр. Еуропада ата-анасын қарттар үйіне жібереді. Біздің қасымыздағы достарымыздың бәрі біздің ата-анамызды қалай сыйлайтын…

0
0
557