Германияда Қазақстанның мәдени орталығы бой көтереді
Германияның Айфель аймағында Қазақстанның мәдени орталығы бой көтереді – деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Мемлекеттік қорықтың 39 гектарына орталық тұрғызуға жариялаған неміс үкіметінің грантын қазақ кәсіпкері Жанна Штрак ұтып алды.
Үкілі домбыра, қамшы, қошқармүйіз оюымен безендірілген көрпешелер, тіпті күбі де бар. Жанның үйіне келген меймандар алдымен қазақтың ұлттық бұйымдарымен, музыкалық аспаптарымен танысады екен. Сонан соң, тағамнан дәм татады. Бұған дейін жылқы етін жеп көрмегендердің қазір қазы-қарта ең сүйікті тағамы.
«Біз олардан тазалықты, мәдениетті үйренсек, олар бізден қонақжайлылықты, тамақ беруді, үлкенді сыйлауды, келген қонақтың құлы болуды үйреніп жатыр. Еуропада ата-анасын қарттар үйіне жібереді. Біздің қасымыздағы достарымыздың бәрі біздің ата-анамызды қалай сыйлайтынымызды көрді, оларда ата-аналарына мейіріммен қарауды үйренуде - «Eifel&More Kompanie»компаниясының президенті Жанна Штрак. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
