Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Парламент үйі – Бұрхандар мүлгіп отыратын бұтхана емес

alt
Менің осы мақаланы жазуыма бірден бір себепкер болған кісі – депутат Камал Бұрханов! «Алдар Көсе деген кiм өзi? Ол – алаяқ, алдамшы бiреу. Оның үйретерi – заң бойынша жазалануға лайық қылмыс – алаяқтық» – деп, ауыз әдебиетінен Алдар Көсені алып тастау туралы тепсініп мәселе көтеретін  кәдімгі Камал Низамұлы.
Осыдан шамамен үш апта бұрын Астанадағы Орынбор көшесінің бойында, «Тайқазан» дәмханасының алдында осы Камекеңмен кездесіп, амандасқаным; БАҚ-қа көп шығатын белсенді депутат ретінде өзін сырттай жақсы білетінімді айтып, алда қайта қаралғалы жатқан Көші-қон заңы туралы сөйлескенім бар.
– Камал аға, Қытайдан келген бір жігітті Сізге таныстырсам. Амал болса, уақытша болса да, штаттан тыс көмекші етіп алсаңыз, біз сол жігіт арқылы Қазақ көшіне байланысты ұсыныстар берсек, ол ұсыныстардың ендігі жасалатын Көші-қон заңына кіруіне Сіз ықпал етсеңіз, - дедім Депутатқа бірден қолқа салып..
Өйткені, мен ол жігітті осының алдында тарап кеткен Парламент Мәжілісінің дәурендеп тұрған кезінде экс-депутат Бекболат Тілеуханға да таныстырғам. Бекболат Қанайұлы бірден келісіп, сол азаматты штаттан тыс көмекші етіп алып, қолына куәлік беріп, Көші-қон заңының жобасын талқылауға қатысуға мүмкіндік тудырған-тұғын. Соның арқасында, 2011-жылдың 22-шілдесінде Президет қол қойған, 16-тамыздан бастап ресми қолданысқа енген Халықтың көші-қоны туралы заңға шетелден фамилиясыз келетін қандастарымыз үшін «3) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін қолда бар құжаттарының негізінде атын, әкесінің атын (ол болғанда) және тегін қазақ тілінде дұрыстап жазуға құқығы бар» деген су жаңа тармақ қосылды. Сонымен бірге, оралмандар алдымен Қазақстан азаматтықығын алып, сосын барып квотаға қол жеткізетін тармақ та осы Заңға кірген болатын. Енді сол Бекболат Тілеуханға істеген «әдісті» Камал Низамұлына да қолданбақпын ғой мен пақыр. Оның үстіне, бұл кісі өзімізбен тағдырлас жан, шетте –Ташкент облысы,Шұралысай ауылында туған. Шеттегі қазақтың бір үлкен қанаты осы Өзбекстанда жатыр. Сондықтан, бұл мәселеге, басқа-басқа, Камекең бей-жай қарамауы керек қой! (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
464

Осы тақырып бойынша

Парламент үйі – Бұрхандар мүлгіп отыратын бұтхана емес - Yvision.kz