Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордалық полицейлер өнерден құр алақан еместіктерін тағы бір дәлелдеді

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін және Ішкі істер министрлігінің идеологиялық және тәрбие жұмысының 2014 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында Алматы қаласында «Біз мәңгілік ел боламыз!» атты патриоттық әндер байқауы өткізілді.  Республикалық конкурсқа Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы және Астана қаласынан барлығы 86 полиция қызметкерлері қатысып, бақтарын сынады. Байқаудың басты мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдағы оң имиджін нығайту, беделін арттырып, Отанға, тілге, өз елінің тарихына деген патриоттық рухын көтеру болып табылады.

Байқау қорытындысы бойынша Қызылорда ОІІД-нің атынан қатысушы Қызылорда ҚІІБ-ның көші-қон полиция бөлімшесінің инспекторы полиция аға лейтенанты Шынар Мырзалиева ІІ жүлделі орынды иеленіп, лауреат атанды. Шынар байқауға Қ.Қазбековтің сөзіне, Р.Таймановтың әніне жазылған «Қазағым» өлеңін орындап, көрермен көзайымына бөленді.

Айта кетерлік жайт, Бас жүлдені Көліктегі Ішкі істер департаментінің атынан қатысушы Шоқан Еркінұлы Жүзенов жеңіп алса, І орынды Жамбыл облыстық ІІД-нің инспекторы Нұрым Қойгелдиев иеленген еді. Барлық жеңімпаздар ҚР ІІМ дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Халықтың қауіпсіздігін, тыныштығын қорғай жүріп, өнерден де құр алақан еместігін тағы бір дәлелдеген қазақстандық полицейлерді жеңістерімен құттықтаймыз, ал артылған сенімді ақтай білген Шынарға шығармашылық табыс, қызметте абырой тілейміз.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

     
1
0
342

Осы тақырып бойынша

Қызылордалық полицейлер өнерден құр алақан еместіктерін тағы бір дәлелдеді - Yvision.kz