Футзалдан Әлем суперкубогы: «қайраттықтар» таиландық клубты ойсырата жеңіп, финалға шықты
Бұл туралы «Қайрат» шағын футбол клубының баспасөз қызметінен хабарлады.
Алғашқы таймда «қайраттықтар» бірден белсенді шабуылға көшті. Сол-ақ екен, ойынның тоғызыншы минутында Игорьдің «тоғыздыққа» тепкен добы торда тулады. Есеп 1:0. Көп ұзамай таиландық клуб есепті теңестірп кетті.
Алайда «қайраттықтар» алғашқы таймның соңында бір доп соғып, тағы да алға шықты. Отандастарымыз Азия чемпиондарынан тактикалық жағынан да, техникалық жағынан басым түсіп жатты.
Екінші таймда ойын сипаты өзгерген жоқ. Алматылық клуб қарсыластарды қысымға алып, шабуылдаумен болды. Көп ұзамай Кальоның шірене тепкен добы маңдайшаның астымен қақпаға еніп кетті. Көп ұзамай «Чонбури» клубының қақпашысы орын алған аздаған текетірес барысында қарсылас ойыншыны нұқып жібергені үшін ойыннан қуылды. Көп ұзамай ойынның 35-ші минутында Лео пеналтиден доп салды. Артынша алматылықтар тағы екі гол салып, ойын тағдырын шешті.
Қорытынды есеп «Қайрат» (Алматы) — «Чонбури» (Тайланд) 6:2. Сөйтіп, отандастарымыз Суперкубок финалына шықты.

