Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына қатысатын финалдық тізімі анықталды
2014 жылдың 4-16 қарашасы аралығында Алматыда өтетін ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына қатысатын атлеттердің финалдық тізімі белгілі болды. Бұл туралы Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Сонымен, әйелдер арасында:
48 келі салмақ категориясында 22 жастағы Маргарита Елисеева;
53 келі салмақ категориясында 21 жастағы Зүлфия Чиншанло;
58 келі салмақ категориясында 21 жастағы Сәуле Сәдуақасова;
63 келі салмақ категориясында 21 жастағы Карина Горичева;
63 келі салмақ категориясында 29 жастағы Майя Манеза;
69 келі салмақ категориясында 21 жастағы Жазира Жаппарқұл;
69 келі салмақ категориясында 27 жастағы Гүлназ Наурызова;
75 келі салмақ категориясында 28 жастағы Светлана Подобедова;
75 келі салмақ категориясында 21 жастағы Анна Нұрмұхамбетова тұғырға шығатын болса, ерлер арасында:
56 келі салмақ категориясында 22 жастағы Арли Чонтей;
69 келі салмақ категориясында 18 жастағы Альберт Линдер;
77 келі салмақ категориясында 28 жастағы Кирилл Павлов;
77 келі салмақ категориясында 23 жастағы Медет Жүндібаев;
94 келі салмақ категориясында 26 жастағы Владимир Седов;
94 келі салмақ категориясында 21 жастағы Рүстем Сыбай;
105 келі салмақ категориясында 26 жастағы Илья Ильин;
105 келі салмақ категориясында 22 жастағы Жасұлан Қадырбаев;
+105 келі салмақ категориясында 22 жастағы Ибрагим Берсанов және +105 келі салмақ категориясында 17 жастағы Селімхан Әбубакаров өнер көрсетеді.
Ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 4-16 қараша аралығында өтеді. Оған әлемнің 188 елінен 500-ден астам атлет қатысады деп күтілуде.
Бұл Чемпионат квалификациялық сипатқа ие. Онда 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынады.

