«Өрлеу ақпараты» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін «Өрлеу ақпараты» байқауының инновациялық тақырыптағы үздік журналистік материалдардың авторлары марапатталды.
2010 жылдан бастап өткізіліп келетін «Өрлеу ақпараты» байқауы жайында «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттіктің басқарушы директоры Айтілеу Бауыржан:
- Бүгін «Өрлеу ақпараты» журналистердің үздік материалдарының нәтижесін қорытындылап отырмыз. Бұрындары тоғыз номинация бойныша өткізіліп жүрген байқауға биыл өзгерістер еңгізіп журналистерді 21 номинация бойынша марапаттадық. Биыл байқауға барлығы 200-ден аса 2013 жылдың 1 қазаны мен 2014 жылдың 15 қыркүйегі аралығында республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған публикациялар, телевизиялық хабарлар мен сюжеттер, радиобағдарламалар және өзге де материалдар келіп түскен болатын. Жылдан жылға қатысушылардың саны артып жатқандығы бізді қуантады, - деп «Байқаудың негізгі мақсаты қазір мемлекет индустриялық инновациялық саясат жүргізіп жатыр. «Өрлеу ақпараты» сол саясатты, жасалып жатқан жұмысты насихаттау үшін журналистерді ынталандыруға бағытталған байқау болып табылады» деп атап өтті.
Сарапшылар комиссиясы «Инновациялық тақырыпты жариялау саласындағы үздік БАҚ» Гран-приді байқауға инновациялар мен технологиялық даму тақырыбында 50-ден аса материал тапсырған «Егемен Қазақстан» газетін лайық деп танып, 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық тапсырды.
«Егемен Қазақстан» газетінің вице-президенті Еркін Қыдыр: (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
