Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дәрмен ҚҰЗЫКЕЙҰЛЫ, Баян-Өлгей қаласының әкімі: Тіліміздің еркіндігіне Моңғолияның негізгі заңымен кепілдік берілген

– Тағдырдың жазуымен жұмыр жердің әр бұрышына тарыдай шашырап кеткен қазақ халқының бір бөлігі сонау Алтай аймағының Қобда бетін мекен етіп қалды. Мекені бөлек дегенмен, жан-жүрегі «Алаш даласы» деп соғып тұратынҚобда қазақтарының бүгінгі жай-күйі қалай болып жатыр? Әңгімемізді осыдай бастайықшы…

– Рас айтасың, қазақ халқының табаны тимеген әлемде жер жоқ шығар, сірә. Бүгінде білесің, қазағымыз әлемнің 44 елінде өмір сүріп жатыр. Соның бір шоғыры – Моңғолияда қалып қойды. Ұзын-саны 160 мыңдай қазақ өмір сүріп жатырмыз. Соның 100 мыңға жуығы Баян-Өлгейде тұрады. Бұл жергілікті халықтың 92 пайызын құрайды. Қалған 60 мыңға жуығы Моңғолияның ішкі өлкелерінде шоғырланып отыр. Бір ғана ел астанасы – Ұланбатырдың өзінде 20 мыңдай қазақ тұрады. Қобда өңірінде тағы 10 мыңнан аса ағайын тұрады. Сонымен қатар Моңғолияның Дархан, Эрдэнэт, Хэнтий, Налайх сияқты өндірістік аймақтарында да біраз қазақ мекен етуде. Бұдан өзге үлкенді-кішілі аудан, ауылдарға да бытырай қоныс тепкен қазақтарда  бар. Олардың өз мәдени ошақтары, қазақ мектептері, театры және таза қазақ тіліндегі ақпарат құралдары бар. Тағы бір айта кетерлігі, Моңғолия қазақтары алыс-жақын шет мемлекеттердегі қазақ диаспораларының ішінде өз тілін, дінін сол күйінде сақтап келе жатқан аз ғана топтың бірі деуге болады.Ат төбеліндей аз да емеспіз, көп те емеспіз. Қазақстанның амандығын тілеумен тірлік етіп жатырмыз. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 

0
0
680

Осы тақырып бойынша

Дәрмен ҚҰЗЫКЕЙҰЛЫ, Баян-Өлгей қаласының әкімі: Тіліміздің еркіндігіне Моңғолияның негізгі заңымен кепілдік берілген - Yvision.kz