Superstar.kz жұлдыздары
Қазақ эстрадасына жаңа леп, жаңа серпін алып келген бұл жоба сонау 2003 жылы Қазақстанда бастау алған еді. Содан бері халықтың ілтипатына бөленіп, талай концерттердің көркі боп жүрген, Superstar.kz-тің бағы жанған әншілері туралы баяндаймыз. Жобаның ең алғашқы жеңімпазы боп қызылордалық Алмас Кішкенбаев болатын. Қазақтың қарапайым баласы небәрі жарты жылдың ішінде көрермендер дауыс беру арқылы мегажұлдыз атанды. Ал кейін Алмас сол сенімді ақтай білді. Түрлі халықаралық конкурстардың жүлдегері Алмас тынымсыз еңбек етіп, әндер жаздырып, клиптер түсіріп ел сенімін ақтады. Сол сенімнің дәлелі ретінде 1 жыл бұрын сахна төрінде он жыл жүргеніне орай қорытынды концертін ұсынған. Қазір Алмас өзі ән айтумен қоймай, шәкірттерді де тәрбиелеуде. V-Әлем және Classic топтарымен жұмыс жасау үстінде. Елі…










