Superstar.kz жұлдыздары
Қазақ эстрадасына жаңа леп, жаңа серпін алып келген бұл жоба сонау 2003 жылы Қазақстанда бастау алған еді. Содан бері халықтың ілтипатына бөленіп, талай концерттердің көркі боп жүрген, Superstar.kz-тің бағы жанған әншілері туралы баяндаймыз.

Жобаның ең алғашқы жеңімпазы боп қызылордалық Алмас Кішкенбаев болатын. Қазақтың қарапайым баласы небәрі жарты жылдың ішінде көрермендер дауыс беру арқылы мегажұлдыз атанды. Ал кейін Алмас сол сенімді ақтай білді. Түрлі халықаралық конкурстардың жүлдегері Алмас тынымсыз еңбек етіп, әндер жаздырып, клиптер түсіріп ел сенімін ақтады. Сол сенімнің дәлелі ретінде 1 жыл бұрын сахна төрінде он жыл жүргеніне орай қорытынды концертін ұсынған. Қазір Алмас өзі ән айтумен қоймай, шәкірттерді де тәрбиелеуде. V-Әлем және Classic топтарымен жұмыс жасау үстінде. Елінің сүйікті әншісі, аяулы жар, ардақты әке әлі талай асуларды бағындырарына сеніміз мол.

Алмас жеңімпаз болған жылы онымен бірге бәсекеге түскен Айқын Төлепберген жоба жеңімпазы болмаса да осы сайыс арқылы дегеніне жетті. Өзіңің көріктігі мен әсем дауысымен баураған Айқын көптеген хит туындылармен тыңдаушыларды тәнті етті. «Пах-пах» деп шырқаған ол әнсүйер қауымның жылы лебізіне кенелді.

Суперстар жобасының ерекше тұлғасы – «қап-қарашка» атанып кеткен Нұржан Керменбаев. Сайыс басталғаннан-ақ мен бұл жерге жеңу үшін келдім деген Нұржан бірден ауиторияны өзіне қаратты. Сөйтіп қазақтың қара домалақ баласы Суперстардың үшінші кезеңінің жеңімпазы атанды.
Бұл аталған азаматтардың бағы мен бабы қатар шапты десек қателеспеспіз. Олардан бөлек эстрадамызда өзіндік орындары бар Мақпал Исабекова, Қайрат Түнтеков, Алишер Каримов, Роман Ким, Мөлдір Әуелбекова сынды талант иелері бар. Барлығы да осы жоба арқылы халықтың ықыласына бөленген орынаушылар.
Халық таңдауына ие болған әншілер тек еңбектің арқасында сахнадан кетпей өз өнерлерін ары қарай шыңдауда. Өскелең ұрпаққа өз өмірінің жақсы жақтарын асырып жаман жақтарын жасырып жүрген осындай тамаша әншілер көп болса нұр үстіне нұр болар еді.
Осындай халық арасынан шыққан, елге танымал болған жұлдыздардың, бизнес адамдарының, жалпы жетістікке жеткен адамдардың өмірінен хабардар болғыңыз келсе, Kazakh TV арнасынан Selfmade бағдарламасынан көріңіздер!
Бағдарламаның соңғы шығарылымы Руслан Бурканов, ірі мейрамхана-қонақүй жобасының басшысы, мейрамхана бизнесіне әкімшілік ету саласындағы маман, кәсіпкерге арналған.

