«ISO50001 халықаралық стандарты негізінде энергия менеджменті жүйесі» тақырыбына семинар-тренинг
Қазақстан Республикасы Энергетика Mинистрлігі «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығымен және DQS-UL MSS (Германия) компаниясымен бірлесіп, 2014 жылғы 24–25 қарашада Астана қаласында «ISO50001 халықаралық стандарты негізінде энергия менеджменті жүйесі» тақырыбына семинар-тренинг өткізеді. Семинардың мақсаты – ISO 50001 энергия менеджменті халықаралық стандартын зерделеу, энергия менеджменті жүйесін ұйымдастыру мен жұмыс істеуіне жауапты тұлғалардың әлеуетін арттыру. Қазақстанда 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап «Энергия үнемдеу мен энергия тиімділік туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541- IV ЗРК Заңының 10-бабы күшіне енді, оған сәйкес жылына 1500 және одан көп тонна шартты отын көлемінде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес энергия менеджмент жүйесін енгізуге тиісті. Энергия менеджменті өндіріс үшін қажетті энергия көлемін пайдалануға бақылауды қамтамасыз ететін тексерістер мен стандартталған өлшемдерге негізделген энергетикалық ресурстарды басқару жүйесін білдіреді. ISO 50001 халықаралық стандарты 2011 жылы қабылданды және энергия менеджменті саласында энергетикалық саясат, мақсаттар, міндеттер мен іс-қимыл жоспарын әзірлеу мен енгізу талаптарын қамтиды. Энергия менеджменті жүйесін енгізу энергия тиімділігін арттыруға және қаржылық шығындарды, парниктік газдардың шығарындыларын және қоршаған ортаға басқа ықпалдарды азайтуды қамтамасыз ететін стратегияны әзірлеу арқылы кәсіпорындардың энергия тұтынуын азайтуға мүмкіндік береді. Тренер ретінде жоғары білікті маман, ISO 50001 негізінде энергия менеджменті бойынша сертификатталған халықаралық сарапшы, Германия мен Австриядағы Lünen and Diez компаниясының қоршаған орта жөніндегі сарапшысы, Еуропалық қайта құру мен даму банкінің (ЕБРР) Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бас кеңесшісі доктор Бернд Шольц шақырылды.Семинарға қатысу үшін, мемлекеттік органдардың жер қойнауын пайдалану, энергетика, қоршаған орта департаменттері, энергетикалық және мұнай-газ саласындағы кәсіпорындардың басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ энергия ресурстарын тиімді басқару жүйесін құруға қызығушылық танытатын мамандар шақырылады.
Байланыс деректері: Астана қ., Достық көшесі, 20, «Санкт-Петербург» бизнес-орталығы, 14-қабат,тел. 8(7172) 277293, 277295факс - 8(7172) 279580e-mail: [email protected]
