Мемлекеттік тілді дамыту қоры 2014-жылдың 19 қарашасында 11.00-де Астанада, «Қазмедиа орталығындағы» Орталық Коммуникациялар Қызметінде «Айтыс» (iTys) атты Тұңғыш қазақстандық мессенджердің беташарын өткізеді. Біріншіден, бұл әлемге әйгілі Whatsapp-тың қазақстандық баламасы. Яғни, iTys – тұңғыш рет қазақстандық мамандар жасап шығарған, жедел хабар алмасуға арналған мобильдік қосымша. iTys орыс және ағылшын тілдерінде ғана емес, ең бастысы, қазақ әліпбиінің барлық әріптерін пайдаланып, мемлекеттік тілде хабар алмасуға болатындығымен айрықша. Бұл ерекшелік оны қазір қолданыста жүрген белгілі мессенджерлерден даралап, әрбір қазақстандыққа арналған, толықтай ұлттық IT-өнім атандырады. Жаңа отандық өнім мемлекеттік тілді дамыту, үш тұғырлы тіл және қазақ тілін қарқынды дамып келе жатқан ақпара…