Денис Тен Францияда «Trophée Eric Bompard» кезеңіне қатысады
2014 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен 21-23 қараша аралығында Францияда өтетін «Trophée Eric Bompard» гран-приі сериясы кезеңіне қатысады. Бұл туралы спортшының фан-клубының Instagram-дағы парақшасында хабарланған.
«Денис Чиакогдағы Skate America гран-при сериясының бірінші кезеңіне қатысқан. Енді ол 21-23 қараша аралығында Францияда өтетін кезеңге қатысады», делінген хабарламада.
Сондай-ақ ақпаратта Денис Теннің Стефан Ламбьельдің «Мұзайдын аңыздары» шоуының актерлік құрамына кіргені туралы айтылған. Бұл шоу жақын арада Франция, Швейцария және басқа да Еуропа елдерінің мұзайдындарында өнер көрсетпек.
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат

