Сол бір жылдар...
ХХ ғасыр – бүкіл дүние жүзіндегі отаршылдыққа күйрете соққы беріліп, бір кездегі азулы империялардың ыдырап, езілген халықтардың ұлт-азаттық жолындағы күрестері нәтижеге жетіп, жаңадан ондаған, жүздеген тәуелсіз мемлекеттер пайда болып, әлемнің саяси картасы айтарлықтай өзгергені арқылы адамзат тарихында елеулі орын алды. Бұл үрдіс қазақ халқын да айналып өткен жоқ. Соның бірегейі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің нәтижесінде 1917-1920 жылдары қазақ даласында 2 жыл 3 ай өмір сүрген Алашорда...
