Мазмұнға өту

Жаңа

БОКС: Назым Қызайбай — әлем чемпионы!

Оңтүстіккореялық Чеджу қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Назым Қызайбай әлем чемпионы атанды.

Қазақстан бокс федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Назым финалда үндістандық Шамджетсабам Сарджубаланы 3:0 есебімен ұтты.

Алматы қаласының өкілі, жиырма бір жасар Назым Қызайбай бұдан екі жыл бұрын әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.

Айта кетейік, бүгін 81 келіден астам салмақта тағы бір қазақстандық Ләззат Күнгейбаева финалда алтын жүлде үшін таласады.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
1077

Самбо: қазақстандық Г.Тұрмаханова әлем чемпионы атанды

Жапонияның Нарита қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатының екінші күнінде Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті.

Халықаралық самбо федерациясының ресми сайтынан алынған мәліметке қарағанда, 52 келі салмақта әйелдер арасында қазақстандық Гауһар Тұрмаханова чемпион атанды. Ол финалда ресейлік Анна Харитоновадан басым түсті. Сондай-ақ жарыстың екінші күні ерлерден қазақстандық Асылбек Әлкей 74 келі салмақта қола жүлдеге ілінді. Әскери самбодан Руслан Аушев 100 келіден жоғары салмақта тағы бір қола жүлдені еншіледі.

Әлем чемпионаты ертең мәреге жетеді.

0
0
287

Мәнерлеп сырғанау: Франциядағы Гран-при турнирінде Д.Тен үшінші орынды иеленді

Францияның Бордо қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирі мәреге жетті.

Алғашқы күні қазақстандық Денис Тен қысқа бағдарламасын тамаша сырғанап, ең жоғары ұпайға қол жеткізіп, топ бастаған болатын. Еркін бағдарламаға қазақы ою-өрнегі бар костюмін киіп шыққан Денис, өкінішке қарай, бірнеше қателіктерге бой алдырды.

Сөйтіп Гран-при сериясының бұл кезеңінде екі күннің қорытындысы бойынша 243,35 балл жинаған ресейлік Максим Ковтун жеңіске жетті. Жапондық Тацуки Матида 237,74 ұпаймен екінші орынды иеленді. Ал Денис Тен 236,28 ұпаймен қола жүлдені еншіледі.

0
0
472

АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕК: қазақстандық спортшы «Alash Pride FC» нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атанды

Жаңа ғана «Алматы тауэрс» көпсалалы кешенінің аренасында аралас жекпе-жектен «Дала батырлары» Халықаралық турнирінде 70 келі салмақ дәрежесінде «Alash Pride FC» нұсқасы бойынша Әлем чемпионы белбеуі үшін болған сайыс аяқталды. Қазақстандық сайыскер Қуат (лақап аты «Найман») Хамитов бразилиялық Тиаго Луиз (лақап аты «Нигао») Насчиментоны айқын басымдықпен жеңді. Сайыс басталысымен шабылға шығып, соққы жасаған қарсыласын Хамит жерге атып ұрды. Дегенмен, бір-біріне соққы жасауға мүмкіндік бермеген қос сайыскерді төреші тұрғызып жіберді. Бірақ, кезекті қарсыласын кезекті рет жерге атып ұрған Хамит, оны соққының астына алды. Бразилиялық есеңгіреп, қарсыласудан қалған соң, төреші 1-раундтың 3 минут 40 секундында сайысты тоқтатты. Осылайша Қуат кезекті қарсыласын «көміп тастап», «Alash Pride FC»…

0
0
1250

Бокс: қос бірдей қазақ қызы әлем чемпионатының финалына шықты

Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қос бірдей қазақ қызы финалға шықты. Қазақстан бокс федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, алдымен Назым Қызайбай 48 келі салмақта жапон қызы Мадоку Вадуды 3:0 есебімен жеңіп, соңғы айқасқа жолдама алды. Оның финалдағы қарсыласы — үндістандық Шамджетсабам Сарджубала. Кеше кешкісін Ләззат Күнгейбаева да 81 келіден астам салмақта түрік қызы Эмине Боздуманды 3:0 есебімен тізе бүктірді. Бүгін ол шешуші шайқаста ресейлік Зенфира Магомедалиевамен шаршы алаңға шығады. Алматы қаласының намысын қорғап жүрген 21 жасар Назым 2012 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері екенін айта кетейік. Ал астаналық, 1987 жылғы Л.Күнгейбаева — 2012 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. Сөйтіп, әлем чемпиона…

0
0
240

Телеканал «Қазақстан-Орал» отметит 50-летие

Телеканал «Қазақстан-Орал» готовится отметить 50-летний юбилей.

Первый эфир телеканала состоялся в 1964 году 26 сентября.

А до этого в организационном этапе 15 августа 1964 году был создан областной комитет по телевидению и радиовещанию, первым председателем был назначен Наурыз Сдыкович Сдыков. Сегодня его именем названа улица, на которой расположено здание студии.

1980 год - На Уральской студии телевидения сьемки стали производить на цветной пленке.

1989 год - начали снимать на видеопленке.

2003 год - областное телевидение полностью перешло на цифровой формат.

Торжественное мероприятие в связи с 50–летием телеканала будет организовано 28 ноября.

0
0
526

Бас Прокурордың Халықаралық прокурорлар қауымдастығының жыл сайынғы конференциясына қатысуы туралы баспасөз ақпараты

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Халықаралық прокурорлар қауымдастығының «Қылмыстық қудалау тәжірибесі» атты 19-шы жыл сайынғы конференциясы мен жалпы жиынына қатысты. Форум әлемнің 50 шақты мемлекетінің қадағалау органдарының басшыларын жинады.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokurordyn-halykaralyk-prokurorlar-kauymdastygynyn-zhyl-sayyngy

0
0
247

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қызметкерлерінің қайырымдылығы

2014 жылдың басында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріповтың бастамасымен Сайрамдағы № 4 балалар үйін облыс соттары қауымдастығы тарапынан тұрақты қамқорлыққа алу жөніндегі ұсынысы Қазақстан Судьялар одағының облыстық филиалы тарапынан қолдау тауып, арнайы іс-шаралар жоспары жасалған болатын.

http://sud.gov.kz/kaz/news/ontustik-kazakstan-oblystyk-sotynyn-kyzmetkerlerinin-kayyrymdylygy

0
0
388

Жалағаш аудандық ІІБ қызметкерлеріне жаңа редакциядағы кодекстер түсіндірілді

Өткен аптада Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің мәжіліс залында Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы А.Утегеновтің және жеке құрамның қатысуымен «Қылмыстық, қылмыстық іс-жүргізу кодекстерінің жаңа моделіне көшу ерекшеліктері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Аталмыш шараның басты мақсаты – жаңа қылмыстық актілерді қолдану, құқықтық жүйенің жаңартылған нұсқасында тиімді іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету бойынша шаралар мен ұсынымдарды пысықтаудың проблемалы мәселелерін бірлесіп талқылау болып табылады. Кеңесте Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне көшу жөніндегі бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспары, жаңа Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің кейбір баптарына енгізілген өзгерістер жайлы Жалағаш ауданы прокурорлары баяндамалар оқып, түсіндіру жұ…

0
0
1290

«Запастағы офицерлерге әсекери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру».

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014жылғы 11наурыздағы №219 қаулысымен бекітілген «Запастағы офицерлерге әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі Халыққа Қызмет Көрсету Орталығында көрсетіледі.Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап -30(отыз) күн ішінде ала алады.Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Қызмет «Электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады,электронды кезекті портал арқылы броньдауға болады.Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесін жоғарыда көрсетілген стандартқа сәйкес жинауы қажет,Көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық болған кезде,орталық қызметкері өтінішін қабылдауға міндетті,Көрсетіл…

0
0
410