Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жалағаш аудандық ІІБ қызметкерлеріне жаңа редакциядағы кодекстер түсіндірілді

Өткен аптада Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің мәжіліс залында Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы А.Утегеновтің және жеке құрамның қатысуымен «Қылмыстық, қылмыстық іс-жүргізу кодекстерінің жаңа моделіне көшу ерекшеліктері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Аталмыш шараның басты мақсаты – жаңа қылмыстық актілерді қолдану, құқықтық жүйенің жаңартылған нұсқасында тиімді іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету бойынша шаралар мен ұсынымдарды пысықтаудың проблемалы мәселелерін бірлесіп талқылау болып табылады.

Кеңесте Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне көшу жөніндегі бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспары, жаңа Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің кейбір баптарына енгізілген өзгерістер жайлы Жалағаш ауданы прокурорлары баяндамалар оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Семинар-кеңесті ашқан Жалағаш ауданының прокуроры Х.Жұмағұлова бұл шараның маңыздылығына тоқтала келіп, жоғарыда аталған кодекстерге толықтырулар мен өзгертулер енгізудің маңызын, мақсатын, қолданылу бағытын қысқаша баяндап берді.

Семинар барысында процестік келісім, оны жасасудың ерекше тәртібі, есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша сот ісін жүргізу, қылмыстық теріс қылықтар бойынша іс жүргізу ерекшеліктері, кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша іс жүргізу мәселелері төңірегінде аудан прокурорының орынбасары Б.Әбділдаұлының,  «Арыздар мен хабарламаларды сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеу және қылмыстық ізге түсудің басталу тәртібі» тақырыбындағы ҚСжАЕБ-ның Сырдария және Жалағаш аудандары бойынша аға прокуроры Т.Үсеновтің, «По основным положениям Кодекса об административных правонарушениях в новой редакции» тақырыбындағы Жалағаш ауданы прокурорының аға көмекшісі Н.Алиевтің, «Жаңадан қабылданған қылмыстық-атқару Кодексінің ерекшеліктері» тақырыбындағы Жалағаш ауданы прокурорының көмекшісі Ж.Еркіновтің баяндамалары тыңдалды.

Жиын соңында қатысушы қызметкерлер келген қонақтарға өз тәжірибелерінде келеңсіздік тудыратын кейбір жайттарға қатысты ақыл-кеңес сұрап, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Семинар-кеңес  құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еліміздің жаңа қылмыстық заңнамалары төңірегінде өзара пікір алмасуымен аяқталды.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
1274

Осы тақырып бойынша

Жалағаш аудандық ІІБ қызметкерлеріне жаңа редакциядағы кодекстер түсіндірілді - Yvision.kz