Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БОКС: Назым Қызайбай — әлем чемпионы!

Оңтүстіккореялық Чеджу қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Назым Қызайбай әлем чемпионы атанды.

Қазақстан бокс федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Назым финалда үндістандық Шамджетсабам Сарджубаланы 3:0 есебімен ұтты.

Алматы қаласының өкілі, жиырма бір жасар Назым Қызайбай бұдан екі жыл бұрын әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.

Айта кетейік, бүгін 81 келіден астам салмақта тағы бір қазақстандық Ләззат Күнгейбаева финалда алтын жүлде үшін таласады.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
1070

Осы тақырып бойынша

БОКС: Назым Қызайбай — әлем чемпионы! - Yvision.kz