Бауыржан Исламхан футболдан Қазақстан біріншілігінің ең үздік ойыншысы атанды
«Қайрат» (Алматы) футбол клубының жартылай қорғаушысы, 21 жастағы Бауыржан Исламхан ұлттық Премьер-Лига ойыншылары мен жаттықтырушыларының пікірі бойынша футболдан Қазақстан чемпионатының ең үздік ойыншысы атанды. Мамандардың пікірінше, Бауыржан Исламхан биылғы маусымды сәтті өткізген. Ал «Қайрат» командасы маусым барысында чемпиондыққа үміткер командалардың бірі болды. Дегенмен, соңғы ойындарда қарсыластарына есе жіберіп алып, нәтижесінде қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, алматылық клуб биыл Қазақстан Кубогын жеңіп алды. Биылғы біріншілікте Бауыржан барлығы 5 гол салып, әріптестеріне 9 рет гол салуға мүмкіндік берген. Сондай-ақ Бауыржан биыл Ұлттық құрама сапында да тәп-тәуір өнер көрсетті. Ол 6 матчқа қатысып, қарсыластар қақпасына екі гол салған. Оның еншісінде барлығы — 166 ұпай.…


