Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ШҚ ОТД-да «Халықтық ІРО» бағдарламасының екінші кезеңінің тұсаукесері өтті

Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының қызметкерлері үшін «Халықтық ІРО» бағдарламасының екінші кезеңінің тұсаукесері өткізілді.

Түсіндірме жұмыстарының басты мақсаттары: Қазақстан халқының қаржылық-инвестициялық сауаттылық деңгейін көтеру, ел азаматтарының құнды қағаздар нарығындағы операцияларға қатысу ниетін ояту, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып келе жатқан «Халықтық ІРО» бағдарламасының бағыт-бағдарын түсіндіру. Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының ХІІ съезінде «Халықтық ІРО» бағдарламасын халықтың қолда бар жинақтарын инвестициялау мен еселеудің маңызды құралы екенін атап өтті.

Атап айтатын болсақ 2013 жылы қазақстандықтарға «КазТрансОйл» компаниясының акцияларын, ал биылғы жылы бірыңғай электр энергиясы жүйесінің жетекші операторы “KEGOC” АҚ құнды қағаздарын сатып алу ұсынылды.

Тұсаукесер өткеннен кейін филиал қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды және қазақстандықтар үшін «Халықтық ІРО» бағдарламасының ерекшеліктері туралы ойларымен бөлісті.

0
0
651

Осы тақырып бойынша

ШҚ ОТД-да «Халықтық ІРО» бағдарламасының екінші кезеңінің тұсаукесері өтті - Yvision.kz