Жаңа
ОҚО да мемлекеттік мекеме прокуратураның қатаң сынына ілікті
ҚР ЭМ Өкілдерінің Қарағанды облысы бойынша РАТ жұмысына қатысуы жөнінде
2014 жылдың 28 және 29 қарашасында Қарағанды облысында Ел басының 2014 жылы 11 қарашасында халыққа жолдаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының басты бағыттарын түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық топ (РАТ) жұмыс атқарды. РАТ жұмысына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Е.З. Нығматулин, Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Т.А. Ахсамбиев, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті төрағасының орынбасары және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмір өнеркәсібін дамыту департаменті директоры В.В. Клякин қатысты. 28 қарашада екі кездесу өткізілді. Приозерск қаласында өнер және спорт мектебінде топ мүшелері жергілікті тұрғындармен және мемлекеттік мекеме өкілде…
БҚО Бұрлы ауданында ҚР ЭМ Өкілінің РАТ жұмысына қатысуы жөнінде
2014 жылдың 27-30 қарашасы аралығында 2014 жылдың 11 қарашасында ҚР Президентінің халыққа жолдаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық топ құрамында Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті директоры Б.Т. Избастин Батыс Қазақстан облысының Бұрлы ауданы тұрғындарымен кездесті. 2014 жылдың 28 қарашасының бірінші жартысында Б.Т. Избастин Ақсай техникалық колледж қызметкерлері және студенттерімен кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының басты бағыттарына түсініктеме берді. Кездесуге 150-ден астам адам қатысты. Сол күннің екінші жартысында Энергетика министрлігі департаментінің директоры «Ақсайсервис» АҚ 60 жұмыскерімен ке…
Энергетикалық Хартия Конференциясының 25-ші Сессиясының қорытындысы бойынша
2014 жылдың 3 желтоқсанында Орталық коммуникация қызметінде Астана қ. өткен Энергетикалық Хартия Конференциясының 25-ші Сессиясының қорытындысы бойынша брифинг өткізілді. А.ж. 26-27 қарашасы аралығында Астана қаласында Энергетикалық Хартия Конференциясының 25-ші Сессиясы болып өтті. 2014 жылдан бастап, Энергетикалық Хартия тарихында алғаш рет Төрағалық етудің жаңа тәжірибесі енгізілді, ол бір жыл бойы Энергетикалық Хартия Конференциясын басқарудың барлық жауапкершілігін, осы халықаралық ұйымның жоғары басқарушы органы ретінде, төрағалық етуші елдің Үкіметі өзіне алатынын білдіреді. Ел басы 2014 жылдың 11 қарашадағы өзінің Жолдауында атап өткендей: «Қазақстан, әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің те…
Халықаралық темiржол билеттерiн арзан бағамен сатып алуға мүмкiндiк жасалады
Халықаралық темiржол билеттерiн ерте сатып алушыларға «ҚТЖ» 30 пайыз жеңiлдiк жасайтын болады. Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Жедел жұмыс қызметiнiң басшысы Жамбыл Байделдинов мәлiм еттi.
Оның айтуынша, мұндай мүмкiндiк 2015 жылдан бастап қолжетiмдi болады.
«Бiз бүгiнде билеттердiң бағасын оңтайландыру бойынша жұмыстар атқарудамыз. Бiрiншi кезде ол жеңiлдiк жасау тетiктерiне қатысты болып отыр. 2015 жылы 11 қаңтардан бастап, халықаралық деңгейдегi темiржол қатынастарына 30 пайыздық жеңiлдiк жасау бағдарламалары жасалмақ. Егер жолаушы алдын ала сатып алса, билет бағасы төмен болады», - дедi Ж. Байделдинов.
Қосымша ақпаратты http://www.inform.kz сайтынан көріңіздер!
Астанада бәссаудаға Головкиннің қолтаңбасы бар боксерлік қолғабы мен Нибалидің сары жейдесі шығарылады
Астанадағы VII Қысқы қайырымдылық балында алғаш рет бәссаудаға Геннадий Головкиннің қолтаңбасы бар боксерлік қолғап шығарылады. Атап айтқанда, биылғы 14 желтоқсанда сағат 19:00 Астанада VII Қысқы қайырымдылық балы өтеді. Барлық түскен қаражат балалар үйі тәрбиеленушілері мен Астананың аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды қолдауға жұмсалады. «Бал қысқы ертегі желісімен өтетін болады. Әдеттегідей, Бал дебютанттардың орындауындағы тамаша билерімен - веналық вальс, әсерлі рок-н-ролл, полька, блюз және қазақ вальсімен ашылады. Балда қазақстандық әртістер өз өнерлерімен тәнті енпек»,-делінген таратылған мәліметте. Қарлы кеш барысында картиналар мен өнер туындыларының акуционы болмақ. Сонымен қатар, алғаш рет бәссаудаға Геннадий Головкиннің қолтаңбасы бар боксерлік қолғап және «Тур де Франс»…
Орал қалалық соты алаяқтыққа қатысты іс бойынша үкім шығарды
Орал қалалық соты алаяқтық жасады деп айыпталған азаматша А.Хакалоға қатысты сот үкімін шығарды.
http://sud.gov.kz/kaz/news/oral-kalalyk-soty-alayaktykka-katysty-boyynsha-ukim-shygardy

Илья Ильин «Жыл таңдауы» жобасы бойынша жыл спортшысы атанды

Илья Ильин «Жыл таңдауы» жобасы нұсқасы бойынша жыл спортшысы атынды, деп хабарлады Vesti.kz.
Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы және төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин «2014 жылдың спортшысы» аталымында «Қазақстандағы №1 жыл таңдауы» - «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанды.
Бұл туралы Илья Ильин Instagram-дағы өзінің парақшасында жазды.
Қосымша ақпаратты http://www.inform.kz сайтынан көріңіздер!
Хирург пациенттің сау бүйрегін алып тастады
Калифорнияда хирург пациенттің сау бүйрегін алып тастады, ал онкологиялық ауруға ұшыраған ауру бүйрек орнында қалған, деп хабарлады Strana.co.i сайты. Ауру адамға тағы бір ота жасауға тура келді, оның барысында қатерлі ісікке ұшыраған бүйрек те алынып тасталды, пациентке диализ белгіленді. Енді оның донорлық бүйректен ғана үміті бар. Мұндай бейқамдығы үшін тәжірибелі хирург үш жылға медициналық лицензиясынан айырылды. Ол американдық хирургияда 41 жыл жұмыс жасаған болатын. Сарапшылардың мәліметтеріне қарағанда, бұл қайғылы оқиға дәрігердің өзіне деген сенімінің нәтижесінде болған көрінеді., ол ауру органды ойша есінде сақтамақ болған. Дәрігердің салақтығы 59 жастағы қатерлі ісікке шалдыққан ауру адаммен қатар клиникаға да қымбатқа түсті. Ота жасалған медициналық орталыққа 100 мың АҚШ долл…