БҚО Бұрлы ауданында ҚР ЭМ Өкілінің РАТ жұмысына қатысуы жөнінде
2014 жылдың 27-30 қарашасы аралығында 2014 жылдың 11 қарашасында ҚР Президентінің халыққа жолдаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық топ құрамында Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті директоры Б.Т. Избастин Батыс Қазақстан облысының Бұрлы ауданы тұрғындарымен кездесті.
2014 жылдың 28 қарашасының бірінші жартысында Б.Т. Избастин Ақсай техникалық колледж қызметкерлері және студенттерімен кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының басты бағыттарына түсініктеме берді. Кездесуге 150-ден астам адам қатысты.
Сол күннің екінші жартысында Энергетика министрлігі департаментінің директоры «Ақсайсервис» АҚ 60 жұмыскерімен кездесті. Бұл кездесу барысында да Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының басты бағыттарына түсініктеме берілді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
т.97-68-83
