Энергетикалық Хартия Конференциясының 25-ші Сессиясының қорытындысы бойынша
2014 жылдың 3 желтоқсанында Орталық коммуникация қызметінде Астана қ. өткен Энергетикалық Хартия Конференциясының 25-ші Сессиясының қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.
А.ж. 26-27 қарашасы аралығында Астана қаласында Энергетикалық Хартия Конференциясының 25-ші Сессиясы болып өтті.
2014 жылдан бастап, Энергетикалық Хартия тарихында алғаш рет Төрағалық етудің жаңа тәжірибесі енгізілді, ол бір жыл бойы Энергетикалық Хартия Конференциясын басқарудың барлық жауапкершілігін, осы халықаралық ұйымның жоғары басқарушы органы ретінде, төрағалық етуші елдің Үкіметі өзіне алатынын білдіреді.
Ел басы 2014 жылдың 11 қарашадағы өзінің Жолдауында атап өткендей: «Қазақстан, әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалын тап келеді. Нәтижесінде не болып жатқанын біз көріп отырмыз: әлемдік нарықтарда баға құлдырауда және, тұтастай алғанда, экономикалық өсім баяулауда».
Қазақстан Республикасының Энергетикалық Хартияға қатысуы және төрағалық етуі біздің елді әлемдік энергетикалық үдерістерге тікелей қатысу ғана емес, сондай-ақ біздің құрлықтың энергетикалық күн тәртібін қалыптастыруға тікелей, тиімді әсерін тигізуге мүмкіндік береді.
Қазақстан, Төрағалық етуші ел ретінде, Астаналық Декларацияда көрсетілген Энергетикалық Хартия үдерісін жақсарту бойынша, бірнеше маңызды саяси ұсыныстар жасады. Ең алдымен – бұл Энергетикалық Хартия үдерісін жаңарту мәселесі, басты мақсаты Энергетикалық Хартия Үдерісінің н егізгісаяси декларациясы ретінде Еуропалық Энергетикалық Хартияны модернизациялау болып табылатын, «Жаңартылған» Энергетикалық Хартияны қабылдау болып табылады.
Қазіргі кезеңде жаһандық энергетикалық сындарды мойындай отырып, «Жаңартылған» Энергетикалық Хартияның негізгі қағидалары энергия өндірушілердің, транзиттік және энергия тұтынушы елдердің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Дәстүрлі түрде ерекше назар энергетикалық қорларды сенімді транзит және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселелеріне, сонымен қатар транзиттік және инвестициялық келіспеушіліктерді шешу мәселелеріне көңіл бөлінуде.
Алда бізді Астанада өткен Конференция шешімдерін іске асыру бойынша айтарлықтай жұмыстар күтіп тұр. Қазақстан өзінің төрағалық етуін 2014 жылы аяқтайды және Энергетикалық Хартия Конференциясына төрағалық ету эстафетасын Грузияға тапсырады.
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
'97-68-83
