Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР ЭМ Өкілдерінің Қарағанды облысы бойынша РАТ жұмысына қатысуы жөнінде

2014 жылдың 28 және 29 қарашасында Қарағанды облысында Ел басының 2014 жылы 11 қарашасында халыққа жолдаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының басты бағыттарын түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық топ (РАТ)  жұмыс атқарды.

РАТ жұмысына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Е.З. Нығматулин, Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Т.А. Ахсамбиев, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті төрағасының орынбасары және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмір өнеркәсібін дамыту департаменті директоры В.В. Клякин қатысты.

28 қарашада екі кездесу өткізілді. Приозерск қаласында өнер және спорт мектебінде топ мүшелері жергілікті тұрғындармен және мемлекеттік мекеме өкілдерімен жүздесті. Кездесуге 250 адам қатысты. Кездесуде қаланың тазарту құрылыстарын құрастыру және қатты тұрмыс қалдықтарын орналастыру туралы мәселелер көтерілді, оған нақты жауаптар берілді.

Приозерск қаласында офицерлер Үйінде РАТ өкілдерімен кездесуге жергілікті горнизонның қазақстандық әскери бөлімінің 270 жауынгері қатысты.

29 қарашада РАТ мүшелері 3 кездесу өткізді. А. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінің мәжіліс залында Балқаш қаласының студент жастары, қала оқу орындарының жас оқытушылары және БАҚ өкілдерімен бірге өткен кездесуге 220 адам қатысты. Кездесуде қатысушылар қаланың экологиялық жағдайы және оны жақсарту бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар жөнінде сұрақтар қойды. Энергетика министрлігінен қатысқан топ мүшелері түскен сұрақтарға орнықты жауап берді. Жолдауды талқылауда «Қазақмыс» корпорациясының  политехникалық колледжі студенті, Абай атындағы республикалық жарыс жеңімпазы Бугаева Диана және Хан Анжела сөз сөйледі.

Балқаш «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС өндіріс алаңының акт залында металлургтермен кездесуде 120 адам қатысты.  Жолдауды талқылауға, РАТ мүшелерінен басқа, мыс қорыту зауытының балқыту учаскесінің бастығы  Б.Б. Шамбулаев және мыс қорыту цехының бас энергетигі Р.С. Сасиков қатысты. Жолдау бойынша сұрақтар болған жоқ.

Мазмұнды күннің қорытындысы боыйнша РАТ мүшелері М.Хамзин атындағы Мысшылар мәдениет Сарайында Балқаш қаласының қалалық маслихат депутаттарымен, соғыс және еңбек ардаргерлерімен, еңбек ұжымы, үкіметтік емес ұйымдары, этномәдени орталық, діни конфессия өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесуі өтті. Жолдауды талқылауға «Сары Қазына» ЖШС директоры П.Т. Семченко, «Арыстан VIP строй» ЖШС директоры – қалалық маслихат депутаты А.Л. Сокульский, Балқаш қаласы ардагерлер кеңесінің мүшесі Ш.Р. Сыздыкова, әзірбайжандық диаспораның қоғамдық бірлестік кеңесінің мүшесі Р.З. Аббасов қатысты. Кездесуге қатысушылар, Жолдаудан басқа, Астана қаласындағы алдағы ЭКСПО-2017 көрмесі және табиғатты қорғау бойынша мемлекеттік кәсіпорындармен іске асырылып жатқан іс-шаралар жөнінде сұрады. Сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

т.97-68-83

http://kz.energo.gov.kz/index.php?id=1970

 
0
0
490

Осы тақырып бойынша

ҚР ЭМ Өкілдерінің Қарағанды облысы бойынша РАТ жұмысына қатысуы жөнінде - Yvision.kz