Қазақстанда балаларды жарақаттылықтан алдын ала сақтандыру бойынша айлық басталды
Қазақстанда жыл сайын 1 және 30 сәуір аралығында мектеп жасындағы балаларды және жастарды жол-көлік және тұрмыстық жарақаттылықтан алдын ала сақтандыру мақсатында айлық өткізіледі. 2015 жылы бұл шара «Әрдайым мұқият бол!» ұранымен өтеді. Айлық барысында жол жүру ережелері туралы білім деңгейін көтеруге, дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсету қағидалары туралы, өзін-өзі сақтау мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған барлық мүдделі тараптардың қатысуымен өткізілетін дөңгелек столдар, дебаттар, баспасөз конференциялары, семинар-тренингтер сияқты іс-шаралар жоспарлануда. Балалар жарақаттылығы тек Қазақстан үшін ғана емес, әлемнің көптеген елдері үшін кең көлемді әлеуметтік түйінді мәселелердің бірі екенін атап өту керек. Оған әртүрлі жарақаттан болған балалардың өлім-жітімінің жоғары деңг…



