Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстандықтар жыл басынан бастап 30,5 млрд. теңге әлеуметтік жәрдемақы алды

2015 жылғы қаңтар-наурыз айларында республикалық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу үшін 29,3 млрд. теңге, мемлекеттік арнайы жәрдемақы төлеу үшін 1,2 млрд. теңге бөлінді.

Қазіргі кезде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны 490,9 мың адам, асыраушысынан айырылғаны үшін 178,7 адам, жасы бойынша 5,6 мың адам алады.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орта мөлшері осы кезеңде мүгедектігі бойынша 22 487 теңгені, асыраушысынан айырылғаны үшін 20 222 теңгені, жасы бойынша 11 110 теңгені құрайды.

Одан басқа, бүгінгі күні республикада №1 және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақыны 31,8 адам алады.

Жыл басынан бері №1 және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақының көлемі көтерілуіне сәйкес 18 671 және 16 610 теңгені құрады.

0
0
289

«Мен 18-демін, мен дауыс беремін!»

«Жас Отан» Жастар қанаты белсенді жастарының ұйымдастыруымен кезектен тыс ҚР Президенті сайлауын қолдау мақсатында «Мен 18-демін, мен дауыс беремін!» атты флешмоб өткізілді. Бұл флешмобқа 300-ден астам қала тұрғындары қатысты. Н.Островский атындағы драма театр алдында қойылған арнайы баннерға қала тұрғындары селфи жасап, сайлауға қатысты өз ойларын жазып, қолтаңбаларын қалдырды. Алаңға жиналған қала тұрғындарына «Мастер Дэнс» жастар қоғамдық бірлестігінің бишілері келіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Белсенді жастар қала тұрғындарын сайлауға қатысуға шақырып,олармен естелік суретке түсті. Бұл фотосуреттер Вконтакте, Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде #ЖасСайлау2015 хэштегімен жарияланды.

2
0
899

Ақтау қаласында мемлекеттік қызметті өткеруге қатысты семинар-кеңесі өтті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен (әрі қарай - Департамент) ағымдағы жылдың 11 наурызында Ақтау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының конференц-залында мемлекеттік қызметті өткеру және мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинар-кеңес өткізілді.

0
0
289

Сот актілерінің орындалу мәселелері талқыланды

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында прокуратура, әділет органдары, «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілдерінің, сот орындаушыларының қатысуымен «Азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша сот актілерінің орындалуы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

http://sud.gov.kz/kaz/news/sot-aktilerinin-oryndalu-mseleleri-talkylandy


0
0
345

В Павлодарской области прошло обсуждение по вопросу внедрения интегрированной информационной системы «Е-қызмет»

Департаментом Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по Павлодарской области для сотрудников служб управления персоналом государственных учреждений проведен семинар на тему «Внедрение интегрированной информационной системы «Е-қызмет» в государственных органах». На всеобуче были разъяснены актуальные вопросы по интегрированной информационной системе «Е-қызмет», в частности о функционировании, формировании работы информационной системы управления персоналом. На встрече с докладами выступили представители АО «Национальные информационные технологии», аппарата акима области, а также сотрудники Департамента. Также о практической работе в судебных органах по вопросу внедрения аналогичной системы поделились опытом сотрудники областного суда. На…

9
0
376

Павлодар облысында «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін енгізу тақырыбына талқылау жүргізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті мемлекеттік мекемелердің персоналды басқару қызметінің қызметкерлерімен «Мемлекеттік органдарда «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін енгізу» тақырыбына семинар өткізді. Оқыту барысында «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің өзекті мәселелері бойынша, атап айтқанда: персоналды басқаратың ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу туралы ақпарат жеткізілді. Кездесуде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, облыс әкімінің аппаратының өкілдері және Департамент қызметкерлері баяндамаларымен сөз сөйледі. Сонымен қатар, облыстық сот қызметкерлері сот органдарында ұқсас жүйені енгізу бойынша ағымдағы жұмыстағы тәжирібелерімен бөлісті. Іс-шараға 92…

9
0
631

Қазақстанда «Бекіре-2015» балық қорғау акциясы басталды

Қазақстанда «Бекіре-2015» балық қорғау акциясы басталды 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре-2015» балық қорғау акциясы өткізіледі. Жыл сайын бағалы балық түрлері уылдырық шашу маусымында құқық және табиғат қорғау органдары заңсыз балық аулауға, өткізуге, сатып алуға және оларды заңсыз тасмалдауға жол бермеу үшін бірлесіп жұмыс атқарады. Осыған байланысты балықтардың, соның ішінде бекіре тұқымдас түрлерінің уылдырық шашу орындарына кедергісіз жетуіне қолайлы жағдай туғызады. «Бекіре-2015» балық қорғау шараларының тиімділігін арттыру үшін ҚР АШМ, ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК және мүдделі орталық мемлекеттік органдардың қолдауымен өткізіледі. Қазіргі таңда «Бекіре» балық қорғау акциясын өткізу туралы Ауыл шаруашылығы, Ішкі істер министрліктерінің жән…

0
0
278