«Балалар әлемдік ырғақта »
«Балалар әлемдік ырғақта »
ЮНЕСКО клубтарының Қазақ Ұлттық Федерациясы ағымдағы жылдың 15-17 маусым аралығында Алматы қаласында «Балалар әлемдік ырғақта » атты шығармашылықпен айналысатын жастарға арналған бірінші Фестиваль өтеді. Қатысушыларға әлемдік мәдениет, төзімділік жайлы шеберлік – сабақтары өткізілетін болады. Сабақтарды Қазақстан Республикасына белгілі өнер қайраткерлері жүргізеді. Қатысушылар дайындаған жұмыстарын Гала –Концерт барысында көрсетеді.
Осыған орай 27-28 наурыздан бастап «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған мектеп - интернатында» 12-17 жас аралығындағы дарынды жастарға іріктеу кезеңі өткізілді.
