Мазмұнға өту

Жаңа

Республика соттарында әлеуметтік зерттеу жүргізілуде

Сот процесіне қатысушыларының арасында сот төрелігінің жүзеге асырылу сапасына азаматтардың қанағаттану және сенім білдіру деңгейін анықтау мақсатында республиканың жергілікті соттарында ауқымды әлеуметтік сауалнаманы жүргізу жалғасуда.

0
0
342

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мақсатында 2015 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «Қоғам санасына сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру» тақырыбында Атырау облысы И.Тайманов атындағы №27 орта мектебінде семинар-кеңес өткізді.

Аталған шара облыстық білім бөлімі өкілінің, Атырау облыстық студенттер альянсы мүшесінің, меңгерушілер мен мұғалімдердің қатысуымен өткізілді.

0
0
540

«Есірткісіз өмір ғажайып» — әр ұлтты жастардың басын біріктірді

Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек алуын болдырмауды мақсат ете отырып 10-ға жуық өзге ұлт өкілдерінің басын қосқан «Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...» тақырыбында эссе жазудан шығармашылық байқау, «Берік отбасы есірткіден алыс!» деген ұранымен черлидинг спорттық би түрінен сайыс, «Есірткісіз өмір ғажайып!» тақырыбында үздік бейнеклиптер сайысы, КТК (КВН) байқауы өткізілді. 1500-ден аса мектеп оқушылары мен студент жастарды тапқырлық және шығармашылық тұрғысында бақ сынастырған байқауға Қазалы ауданынан Рашид Рамиль, Сырдария ауданынан Раджапқызы Әсел, Қызылорда…

0
0
1965

Гуманитарлық көмек қабылдайтын орын ашылды

Талдықорғанда елімізде су тасқыннан зардап шеккен өңір тұрғындарына гуманитарлық көмек қабылдайтын орын ашылды. Игі шараға «Жас Отан» жастар қанаты ұйытқы болды. Олар азаматтарға көмек қажеттігін 3 күн бұрын ғана әлеуметтік желіде жариялаған. Қайырымды іс қолдау тауып, қазірдің өзінде ондаған қала тұрғыны көмек қолын созған. Тасқыннан зардап шеккен азаматтардың жағдайына бей-жәй қарамайтын жұртшылық, азық-түлік, киім-кешек сынды бірінші кезекте қажетті заттарды әкеп беріп жатыр. Ол бірден есепке алынып, қоймаға қойылуда. Гуманитарлық көмек алдағы апта ішінде Қарағанды облысына жіберіледі.Жас отандықтар мұндай қабылдау орындарын барлық аудан, қала орталықтарында ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, облыс орталығындағы оқу орындарда еріктілер тобы құрылуда. БАҒДАТ НАУҚАНОВ «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР…

0
0
417

Алматыда екі жаңа метро бекеті ашылды

Ашылуда Алматы әкімі Ахмтежан Есімов, бизнесмен Кеңес Ракишев, Ресей Федерациясының консулы және тағы басқа жоғары қызметтегі адамдар болды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде «Мәскеу» және «Сайран» бекеттерін ашты. «Мәскеу» бекеті 11 метр тереңдігінде жатыр, Абай-Алтынсарин көшелерінің қиылысына шығады. Ішкі көрінісі Мәскеудегі «Қызыл алаңның» стилінде рәсімделген. Сонымен қатар, іште Кремль фотосуреттері бар. Айтпақшы, ендігі метро ұзындығы 11 километрден асады. Жолаушылар үшін жағымды жаңалық – бекеттердің ішінде 2 лифт пен 8 эскалатор жұмыс істейтін болады. Қазір күн сайын метрополитенді Оңтүстік астанамыздың 24 мың тұрғыны мен қонақтары пайдаланады. Бірте-бірте метро тұрғын аудандарына жетіп, ол әрине қаладағы көлік қысымын әлсіретеді. Өткен жылы метро қызметімен 6,5 млн адам…

-2
0
1865

Браконьерлерден үш центнерден астам балық алынды

1424667885ebdn2-620x400

«Бекіре – 2015» балық қорғау акциясы аясында ҚР АШМ Атырау облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы қызметкерлері Каспий теңізі жағалауында қайық мінген Жылыой ауданының екі тұрғынын қолға түсірді.
Қайықта жалпы салмағы 342 кг құрайтын жиі кездесетін балық түрлері мен балық аулайтын 3 ау табылды.
Осы факті бойынша барлық жиналған материалдар құқық қорғау органына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.

ҚР баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: [email protected]
W: www.minagri.gov.kz

0
0
318

Тәуелсіз бақылаушылар Оңтүстік Қазақстан облысы соттарында болды

Бүгін ЕҚЫҰ-ның бақылау жөніндегі миссиясының ұзақ мерзімді бақылаушылары Томас Хольцер мен Мэттэ Сэльхау Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында және Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық сотында болды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/tuelsiz-bakylaushylar-ontustik-kazakstan-oblysy-sottarynda-boldy-0


0
0
337

«Нұрлы жол – Путь в будущее» – это видение перспектив развития нашей страны и ее новый политический курс»

КАЗИНФОРМ – Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев 11 ноября 2014 года объявил о Новой Экономической Политике Казахстана, обратившись к населению с Посланием «Нұрлы Жол – Путь в будущее». Это послание представляет собой масштабную программу развития страны и направлено на продолжение структурных реформ в экономике государства. Для осуществления программы в феврале было принято решение о выделении одного триллиона тенге из Национального фонда для поддержки экономического роста и занятости в 2014-2015 гг., двумя траншами по 500 миллиардов тенге. Для завершения начатых проектов и решения наиболее острых вопросов также направлен второй транш средств из Национального фонда в размере 500 миллиардов тенге. Как отметил Президент, накопленные средства Национального фонда должны тратить…

0
0
394