Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мақсатында 2015 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «Қоғам санасына сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру» тақырыбында Атырау облысы И.Тайманов атындағы №27 орта мектебінде семинар-кеңес өткізді.
Аталған шара облыстық білім бөлімі өкілінің, Атырау облыстық студенттер альянсы мүшесінің, меңгерушілер мен мұғалімдердің қатысуымен өткізілді.
