Атбасар қаласында Ақмола облысының алты ауданы активтерінің қатысуымен мемлекеттік қызмет өткеру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселері бойынша шығыс аумақтық семинар-кеңес өткізілді
А.ж. 15 мамырында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша Департаментінің (әрі қарай – Департамент ) 2015 жылдың төрт айлық қызмет қорытындысы бойынша Атбасар аудандық мәдениет үйінде Атбасар, Астрахан, Егіндікөл, Есіл, Жақсы, Жарқайын аудандары активтерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Іс-шараның мақсаты Департаменттің 2015 жылдың 4 айы ішінде атқарған қызметін қорытындылап, халықтың мемлекеттік институттарға сенімін арттыру, мемлекеттік органдардың басымды бағыттарын айқындап, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға, сонымен қатар жемқорлықтың алдын-алуға азаматтық қоғамдық институттарды кеңінен тарту болып табылды. Кездесу барысында мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуі, «Е-қызмет» ықп…