Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Біз жемқорлықтан таза, бірлігі жарасқан Қазақстанды қалаймыз!

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің оң имиджін қалыптастыру, сонымен қатар тұрғындарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша ақпараттандыру мақсатында, 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі мерекесіне орай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментімен Көкшетау қаласының «Тәуелсіздік» алаңында «Біз жемқорлықтан таза, бірлігі жарасқан Қазақстанды қалаймыз!» атты акция ұйымдастырылды.

Акция барысында Департамент қызметкерлері, жастар және балалар қоғамдық бірлестіктерінің белсенділері бірлікте және адал қоғамда өмір сүрейік деген ұранмен мереке тойлауға келген халыққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы жадынамалар таратып, олардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі құқықтарын түсіндіріп өтті.

Акция кезінде қоғамдық бірлестіктер мен этно-мәдени орталықтар мүшелерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандырумен барлығы 500 ден астам адам қамтылды.

 

0
0
273

Осы тақырып бойынша

Біз жемқорлықтан таза, бірлігі жарасқан Қазақстанды қалаймыз! - Yvision.kz