Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастарды сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидаты бойынша тәрбиелеу

А.ж. 4 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті (әрі қарай - Департамент) Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерінің басқармасымен бірлесе «Көкше» академияның базасында студент жастармен  кездесу өткізді.

Іс-шараның барысында жастарға сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу және оған қарсы күрес саласындағы мемлекет саясатының негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда азаматтардың құқықтары мен міндеттері толық түрде түсіндірілді.

Кездесудің соңында «Көкше» Академиясының студенттері «бос микрофонды» пайдаланып Департамент басшылығына сыбайлас жемқорлық төңірегінде өздерінің аландаушылығын туғызатын мәселелер бойынша бірқатар сұрақтар қойды. Мәселен, жастарды мемлекетік қызметке орналасу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру, осы бағыттағы халықаралық тәжірибені пайдалану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтарды реттейтін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және басқа да мәселелер қызықтырды.

Бүгінгі күні қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүзеге асырылып жатқан іс-қимыл мәселелерінің өзектілігіне байланысты, бұл іс-шара студенттер мен оқутышылар арасында жағымды резонансқа ие болды.

 

0
0
2136

Осы тақырып бойынша