Мазмұнға өту

Жаңа

Ереже ескерткіштердің мәселесін ушықтыру үшін жазылған ба?

«Қорғау аймақтарын жасақтау, оның ішінде археологиялық ескеркіштердің қорғау аймақтары археологтардың негіздемесіне сүйеніп жасақталса, саулеттік нысандар саулетшілердің ғана негіздемесіне сүйеніп дайындалуы керек», деді ҚР Мәдениет қайраткері Сәдуақас Ағытаев «Еліміздегі тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің қазіргі жай-күйі» тақырыбының аясында өткен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысында. Сәулетші ғалымның айтуынша, жалпы қорғау аймағының жобасы тек қана сәулетшілердің, оның ішінде қала құрылысымен айналысатын мамандардың ғана пререготивасы екендігін көпшілік біле бермейді. Соның кесірінен 2011 жылы қабылданған Ереже бүгінгі күні проблеманы шешудің орнына мәселені ушықтырып жіберді. «Ескерткіштің көріну аймағы, оның қоршаған ортасы, стилистикалық тала…

0
0
607

Сәулетші ғана сәулеттік ғимараттың төлқұжатын жасауы керек

Бүгін «Еліміздегі тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің қазіргі жай-күйі» тақырыбының аясында өткен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысында ҚР Мәдениет қайраткері Сәдуақас Ағытаев осылай деді. «Ескерткіштердің төлқұжатын дайындау көптеген сұрақтар туғызып жатыр. Көзге түскен екі нысанның паспортын ғана атап айтайын: Куаңдариядағы Сырлы там және Қорасан баб кесенесі. Сырлы там мазарының аталымы кезінде дұрыс анықталмаған. «Мавзолей» деп адам жерленген ғимаратты ғана атайды, формасы ұқсағанмен, бұл ХАЗИРА комплекс, аяғни, адамдар шарбағында жерленген. Енді сол ұлы бабаларымыз жатқан шарбаққа реставрация жасасаңыз, қаржыны дұрыс пайдаланбаған болып шығасыз. Тексеруші органдарға дәлелдеп көріңіз», - деп бірқатар спецификалық мәселелердің шетін шығарды сәулетш…

0
0
1306

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жеңімпаздар туралы арнайы шығарған жинақтың ең алғашқы басылымын Ұлттық Музейге сыйға тарту етті

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма Төрағасы Нұржан Мұхамеджанова жеңімпаздар туралы арнайы шығарылған жинақтың алғашқы басылымын Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне сыйға тарту етті. «Жеңіс күнін жақындатуға жанын аямаған ардагер-жауынгерлерге арналған еңбегімізді отандастарымыздың назарына ұсынуды жөн көрдік. Күні кеше ғана басылып шыққан жинақты Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейіне ел тарихынан сыр шертетін құнды жәдігер ретінде сыйға тартамыз. Ұлттық арнаның алтын қорынан алынған бұл жинақтардың ішінде Бауыржан Момышұлы, Роза Бағланова, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов тәрізді даңқты батырларымыздың дауыстары сақталған. Жинаққа майдангерлердің соғыс жылдары жазған хаттары да енгізілді. Бұл еңбек Музей төрінен өзіне лайықты орнын алады деген сенімдеміз. Музей қызм…

1
0
456

«Күзгі жаңбыр» кенеп, майлы бояу. Алматы – жер бетіндегі романтикаға толы ең сұлу қала

Алматы - жер бетіндегі романтикаға толы ең сұлу, әсем қала. Бұл қаланы бір шама уақыт көрмей қайта оралсаңыз, өзіңізге таныс ғажайып көріністерге тап боласыз. Мысалы, Абай данғылы бойындағы күзгі жанбырды айтыңыз: ағаштың жапырақтары өз әдемілігін сақтап қалғысы келгендей, сарғаюға әлі асығар емес, ал жанбыр суы асфальт үстімен, әр түске боялып, сырғып ағуда. Күнде ұясынан жарқырай шығып, көшелерге өз жылуын төгуде. Осындай күз жаңбырының тамаша көріністері белгілі суретші Абишев Нурланның пейзажында әдемі бейнеленген.

Бояуыма жазылған пікір.

"Күзгі жаңбыр" кенеп, майлы бояу 65х45 см автор Абишев Нурлан

Facebook жазбасы

2
0
3955

Бүгін Ақтауда «Қазақстан дауысы» жобасының үшінші маусымның іріктеу кезеңі басталды

«Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Қазақстан дауысы» атты танымал музыкалық жобасы еліміздің талантты ұл-қыздарын мегажобаның үшінші маусымында бақ сынауға шақырады! Іріктеу шаралары еліміздің батысы мен шығысында, солтүстігі мен оңтүстігінде өтеді. Бүгін Ақтау қаласынан басталды (2 ықшам аудандағы «Ақтау» қонақ үйі). Келесі іріктеу кезең 21 мамырда Семей қаласындағы Б.Момышұлы көшесі, 43 мекен-жайы бойынша орналасқан Қалалық мәдениет үйінде өтеді. Астана қаласындағы іріктеу кезең 23 мамырда Абай к. 47, «Ramada plaza» қонақүйінің ғимаратында, Алматы қаласында 28-29 мамырда Әл-Фараби даңғылы, 176 мекен-жайында орналасқан «Қазақфильм» киностудиясы ғимаратында өткізіледі. Жобаға 18 бен 50 жас аралығындағы орындаушылар қатыса алады. Аталған жобаның өзге байқаулардан ерекшелігі, бұл байқау қа…

1
0
509

В Актау стартовал отборочный тур третьего сезона «Қазақстан дауысы»

Организаторы одного из самых популярных на национальном телеканале «Казахстан» вокальных проектов «Қазақстан дауысы» приглашают всех желающих принять участие в отборочных турах шоу-проекта. Кастинги пройдут в четырех регионах страны, сообщили в Пресс-службе АО «РТРК «Казахстан». Отборочный тур стартовал сегодня в Актау (2 микрорайон, гостиница «Актау»), в Семее тур состоится в городском Доме культуры по адресу улица Б.Момышулы, 43. В Астане отборочный тур пройдет по адресу улица Абая, 47, в здании гостиницы «Ramada plaza», в Алматы по адресу улица проспект Аль-Фараби, 176, в здании киностудии «Казахфильм». В проекте могут принять участие исполнители от 18 до 50 лет. Шоу-проект отличается от привычных вокальных конкурсов тем, что упор делается только на голосовые данные конкурсантов. Из не…

2
0
578

Жастар білім алушылар арасында «Жемқорлықсыз білім!» атты ұранымен «Таза сессия» акциясын өткізді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, «Заман» Жастар қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Студенттер Альянсы ұйымдастыруымен 2015 жылдың 19 мамырында 2014-2015 оқу жылының жазғы емтихан сессиясын студенттердің өз білімімен тапсыруы үшін және де сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университет базасында «Таза сессия» акциясы өткізілді. «Таза сессия» акциясы емтихан сессиясы уақытында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес студенттердің азаматтық позициясын және құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қоғам арасында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қа…

0
0
1616

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналады

«Балапан» телеарнасы Астана қаласында отандық анимациялық өнімдерді кеңінен насихаттауға және Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Менің сүйікті мультфильмім» атты акциясын өткізді, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметі. Шара «Мега-Астана» ойын-сауық орталығындағы «Марвин» дүкенінде өтті. Аталмыш акция бұған дейін Алматы қаласында өткізілді. Оның негізгі мақсаты - отандық анимацияны насихаттау, қолдау көрсету. Аталмыш іс-шараға Астана қаласының бүлдіршіндері қатысты. Олар «Балапан» телеарнасынан көрсетілетін «Әли мен Айя» мультфильміндегі кейіпкерлердің суретін салып, бояу сайысына түсті. Викториналық сұрақтарға жауап беріп, ермексазбен түрлі мүсіндер жасады. Сондай-ақ, мозайка құрастырып, түрлі ойындар ойнады. Жеңімпаздарға сыйлықтар, тәтті тоқаштар таратылды. Айта ке…

2
0
1127

«Мемлекеттік қызметкерлерге бос орындар жәрмеңкесі»

Түрлі мамандықтар бойынша мың жарымға жуық бос орындар. 2015 жылдың 19 мамырында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде облыстың ұйымдары мен мемлекеттік мекемелерінің қатысуымен облыстық бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге мемлекеттік мекеме, өнеркәсіптік ұйымдар кешенінің, жеке мекемелердің, екінші дәрежелі банктердің өкілдері және облыстың өзге де ұйымдары қатысты. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті де өз секциясын көрсетті. Департаменттің мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы Әсет Досекенов потенциалды жұмыскерлерге кеңес беру барысында мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасудың барлық мәнісін түсіндіріп берді. Мемлекеттік қызметке кіргісі келетіндер қатарынан үлкен кезек ту…

0
0
381

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Н.О.Жоламановқа қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды

Бүгін Қазақстан Республикасы Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы  Нұрлан Айтманұлы Жоламановқа қатысты Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы қаулы шығарды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kr-ukk-shekara-kyzmetinin-buryngy-basshysy-nozholamanovka-katysty-birinshi-satydagy-sottyn

0
0
804