Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сәулетші ғана сәулеттік ғимараттың төлқұжатын жасауы керек

Бүгін «Еліміздегі тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің қазіргі жай-күйі» тақырыбының аясында өткен «Нұр Отан» партиясы жанындағы  «Мирас» қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысында ҚР Мәдениет қайраткері Сәдуақас Ағытаев осылай деді.


 

«Ескерткіштердің төлқұжатын дайындау көптеген сұрақтар туғызып жатыр. Көзге түскен екі нысанның паспортын ғана атап айтайын: Куаңдариядағы Сырлы там және Қорасан баб кесенесі. Сырлы там мазарының аталымы кезінде дұрыс анықталмаған. «Мавзолей» деп адам жерленген ғимаратты ғана атайды, формасы ұқсағанмен, бұл ХАЗИРА комплекс, аяғни, адамдар шарбағында жерленген. Енді сол ұлы бабаларымыз жатқан шарбаққа реставрация жасасаңыз, қаржыны дұрыс пайдаланбаған болып шығасыз. Тексеруші органдарға дәлелдеп көріңіз», - деп бірқатар спецификалық мәселелердің шетін шығарды сәулетші.

Оның сөзінше, мысалы, Қорасан ескерткішін 2005 жылы жергілікті тұрғындар Өзбекстаннан келген мамандарға жөндеткен. Формасы да, материалдары да өзгеріске ұшыраған. Төлқұжатта «Қазқайтажаңғырту» РМК жасаған деп жазып қойыпты. Ал бұл мәселелер лицензиялауға толықтырулар енгізуді қажет етіп тұр.

«Саулетші ғана сәулеттік ғимараттың паспортын жасауы керек. Олай болса, лицензияға мамандарының дәрежесіне қарай мекеменің істей алатын жұмыстары анық көрсетілуі қажет», - деп атап өтті профессор.

Айта кетейік, іс-шара барысында арнайы әзірленген көрме ұсынылып, мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау, қайтадан жасау жұмыстарының сапасы, қорық-мұражайлардың мәдени туризмді дамытуға қосар үлесі, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамалардың орындалуы мәселелері қаралды.

Отырысқа ҚР Парламенті депутаттары, сондай-ақ құзырлы ведомстволар басшылығы, тарихшы ғалымдар мен сәулетшілер, мұражай саласының өкілдері қатысып, есептік баяндамалар жасады.

 
0
0
1296

Осы тақырып бойынша

Сәулетші ғана сәулеттік ғимараттың төлқұжатын жасауы керек - Yvision.kz